Электр тоғы біздің өміріміздің бір бөлінбес бөлшегіне айналды. Қазіргі заманда  оның ойнайтын рөлін бағалап айту өте қиын. Біреуге сым бойымен өтетін тоқ – физика. Физиканы білмейтінге – ғажап бір дүние. Біз үшін – бұл жұмыс. Электр энергиясы энергия өндірушіден тұтынушыға берілу үрдісі тоқтамас үшін – үздіктіс еңбектену қажет.

Электр энергиясын берудегі негізгі қиындықтар энергия беретін компанияның иығына түсетінін біз білеміз, өйткені оның құзырында, үнемі қадағалауды қажет ететін, бірнеше объектілер бар. Берілген объектілердің түзу жұмыс істеуін қадағалау – көлемі жағынан үлкен де әрі қиын жұмыс. Бақылау және қортындылау негізінде біздің мамандар, инвестициялық бағдарлама шегінде өтетіндей, қайта құрудың құрылыс және күрделі жөндеу жоспарларын құрады. Жаңа желілік объектілерді салу, сонымен қатар қолданыстағы электр желілерін жаңарту көлемі, есептеу жүктемелері мен электрмен жабдықтау сенімділігіне қойылатын талаптардан шыға анықталған.

Инвестициялық бағдарламаның арқасында жоспарланған жұмыстар, біздің еңбегіміздің қортындысы күннен күнге тиімді болып келуіне, шартты міндеті болып табылады. Осылай, тұтынушыларымыздың өспелі талаптарына толықтай сай келу үшін алға талпынып, біз жетілдіреміз.

Күрделі жөндеу жаңартудың қызбалы кезеңі. Осы жылы келесідегідей қосалқы станцияларының күш трансформаторларын ауыстыру қажет:

- 110/35/10кВ «Алексеевка» ҚС

- 110/35/10кВ «Шортанды» ҚС

- 110/35/10кВ «Елизаветинка» ҚС

- 110/35/10кВ «Заводская» ҚС

Күш трансформаторы – қосалқы станцияның жүрегі. Ол өте қымбат, әрі аса қажет.

Қуаты 10 000 кВА тұратын 110/35/10кВ «Алексеевка» ҚС жаңа қуаты 16 000 кВА күш трансформаторына ауыстыру Ақкөл қаласындағы электр энергиясын тұтынушыларына электр желісіне қосымша қосылуға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта трансформаторлардың күші жетпегендіктен біз тұтынушыларға техникалық шартты бергенде бере алмайтынымызды айтамыз, немесе трансформатордың қымбатшылығына байланысты тұтынушыларды қиын жағдайға қалдыратын, трансформаторды өз қаражатына ауыстыруды ұсынамыз. Ауыстырылған күш трансформаторы, Қуаты 6 300 кВА-ден 10 000 кВА өсетін,110/35/10кВ «Шортанды» ҚС орнатылмақ.

Күш трансформаторын  жаңа күш трансформаторына ауыстыру 110/35/10кВ «Елизаветинка» ҚС орнатылмақ. Қуатынының өсімі 2 500 кВА-дан 6 300 кВА жетеді. «Елизаветинка», қазіргі кезде белсене дамып келе жатқан, астаналық Бозайғыр кентіне қызмет жасайды. «Елизаветинка» ҚС толығымен жаңартуға тура келіп тұр. Ақыры аяғында бұл жаңа орында салынған жаңа қосалқы станция болып табылады.0сы жылы АҮҚ-110 кВ қазіргі заманғы құрылғыны орнатып, жөндеу жүргізу жоспарда тұр.  2015 жылы қазіргі замандық 10 кВ ұяшықтарымен, вакуумдік сөндіргішімен және шағынпроцессорлық қорғанысы бар, блоктік-модульді ғимарат тұрғызылмақ. Бүгінгі күні құрылыс жөнінен үлкен көлемде жұмыс орындалды, май қабылдағышты жөндеу, күш трансформаторы бойынша іргетастар, жерлендіру нобайы мен 110 кВ порталдарын қондыру.

110/35/10кВ «Заводская» ҚС 1960 жылы шыққан 10 000 кВА күш трансформаторы орнатылған. Қуаты өсімі 10 000 кВА-дан  16 000 кВА дейін жететін күш трансформаторына ауыстыруды ұсынып отырмыз. Осылай ауыстыру белсене дамып келе жатқан Макинск қаласы тұтынушыларының өсуіне қажет.

Жоғарыда аталған күш трансформаторларын ауыстыру қосылған тұтынушылар санының өсуіне, өтілу қуатының өсуіне, электр энергиясын тұтынушыларға техникалық шартты берілмеу себебінен әлеуметтік шиеленісудің азайуына мүмкіндік береді.

2014 жылы келесі бес қосалқы станцияда бір-бірден МКП-110 кВ майлы ажыратқыштарды ЭБА-110 кВ күбілік элегазға ауыстыру жоспарланып жатыр: -110/35/10кВ «Журавлевка» ҚС, 110/35/10кВ «Урман» ҚС, 110/35/10кВ «Новосельская» ҚС, 110/35/10кВ «Балкашино» ҚС және төрт ажыратқыш 110/35/10кВ «Акмолинская» ҚС. Бүгінгі күні жұмыстар 110/35/10кВ «Балкашино» ҚС жүріп жатыр.

Майлы ажыратқыштарды элегаздыққа ауыстыру сенімділікті арттырады, өткізгіштік қабілетін, жаңартуға кететін шығын санын азайтады, қоршаған ортаны ластауды азайтады, ҚС өз қажеттілігіне тұтыну төмендейді. Майлы ажыратқыштардан элегаздың айырмашылығы шағын, табиғи, қызмет етуде сенімді әрі жай, жаңарту мен жөндеу аралықтары ұзақ мерзімде. Также элегаздық ажыратқыштар жылдам әсер беруші, желінің зақымданған жері тез ажыратылады, жабдық қысқа және ұзын тұйықталуға душар болмайды. Элегаздық ажыратқыштарды орнатуда негізгі құрылғыны жаңарту мерзімі ұзарады, электр энергиясының жіберілмеуі төмендейді.

110/35/10кВ «Акмолинская» майлы ажыратқышты ескірген 10 кВ ұяшықтарды қазіргі кезгі 10 кВ вакумды ажыратқышқа және шағынпроцессорлы қорғанысына ауыстыруды жүзеге асыру жоспарланып отыр. Бүгінгі күні құрылыс жағынан блоктік-модульді  ғимарат көлемі орындалған.

110/35/10кВ «Ерейментау» ҚС және  110/10кВ «Елизаветинко» ҚС ОД , ҚТ-110 кВ колонкалы элегаздық ажыратқышты ВГТ-110 кВ трансформатордың қатарына өзгерту жоспарланып отыр. КЗ-110 кВ, ОД жұмысының мақсаты мынандай, желіде жасанды қысқа тұйықталуды пайда болғызып, басқа құрылғыны зақымдап, соның кесірінен тұтынушыларды электрмен жабдықтауды шектеуге әкеп соқтырады.

Релелік қорғаныс схемасын енгізуді жүзеге асыру қажеттілігі бірнеше себептерден болды:

- энергетикалық нысанның техникалық қайта қарулануы-энергетикалық құрылғыларды басқарудағы ӘЖБ жүйесінде жаңа құрылғыны енгізу.

- желілердің және энергетикалық нысандардың жұмыс режиміне сезімталдығы мен тез әрекет етуі, техникалық және функционалдық селективтік талаптарды қорғайтын сипаттамаларының сай келмеуі.

- нысандардың физикалық түрде тозуы.

- қолданыстағы қорғаныс схемасына қордағы бөліктерін шығаруды тоқтатқандығы.

- қолданыстағы қорғаныстың бұзылу саныны немесе функциялаудан бас тарту санының көбейуімен.

Электромеханикалық реле қорғанысын микропроцессорлыққа ауыстыру авария болған жағдайда қорғаныс жұмысының сенімділігін көп арттырады, зақымданған бөлігін таңдауын мүмкіндігінің жоғарылауы, алдағы сақтауды қамтамасыз ету үшін қорғаныс сезімталдығы өседі, ал қорғаныстың жылдам әрекет етуі зақымданған жерді жылдам ажыратуға мүмкіндік береді, зақымданған жерде электроқұрылғының бұзылуын көп азайтады және негізгі құрылғының жаңарту мерзімінің ұзаруы, электр энергиясының жіберілмеі қалуын азайтады.

Инвестициялық бағдарламада Шортанды ауданындағы Шортанды-ОҚТҚС ӘЖ-110 кВ құрылысы ерекше орын алады.Желіні тарту жоспары 66 км. құрайды. Бүгінгі күні 110/10 кВ «Елизаветинка» ҚС-нан  110/10кВ «Дамса»ҚС дейін сымдар мен тіреулердің жөндеу жұмыстары орындалды.

Астрахан ауданында тартылу ұзақтығы 11км. құрайтын  кВЖалтыр-Ақбейіт 35-ӘЖ құрылысы жүріп жатыр. Бүгінгі күні барлық тас жолдарда тіреу мен сымдарды демонтаждау жұмыстары орындалды және тіреуді орнату жұмыстары аяқталды, сымдарды жөндеу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

2014 жылдың жоспарымен екі желі, аралығы 13 км. құрайтын 35кВ Қосшоқы Семеновка-НҚО ӘЖ-35 және аралығы 7 км. құрайтын Мәншүк Мәмбетова-Красноярка ӘЖ-35, құрылысы қарастырылды.

Мағлұмат берген
«АЭҮК» АҚ ЭТҚ басшысы
Сырвачев Александр