20 қараша күні Степногорсктің № 4 мектеп-гимназиясының оқушылары СтАЭЖ-не экскурсия  жасады.

Экскурсияны Степногроск АЭЖ-нің бас инженері Сергей Шульга жүргізді. 220 000 вольтты «Степная» қосалықы станциясындағы үлкен көлемдегі трансформаторлар мен қосылғыштар екінші сынып оқушыларының қызығушылығын оятты. Әсіресе, балаларды үлкен кернеудің нәтижесінде электр токтарынан шығатын дыбыс таңдандырды.

Оқушылар Ақкөл, Бұланды, Ерейментау және Шортанды аудандарының жұмыс құралдарын тәулік бойы басқаратын шұғыл-диспетчерлік қызмет кабинетінде болды. Бұл кабинетте оларға кәсіпорынның барлық жабдықтарының детальды көрінісі кестесін көрсетті. Сонымен қатар оқушылар қызметкерлерді оқытатын және дайындайтын техникалық сыныпта болды, ол жерде оларға электрмонтерлар токқа түскен адамға қалай алғашқы көмек көрсететінін манекенде жасап көрсетілді. Содан кейін оқушылар кез келген ауа-райында және ең қиын деген жердің өзіне апат болған жағдайда апаратын техникасы бар бокстарда болды.           

Көптеген қызықты да жаңа ақпарат алған оқушылардың кейбіреуі бұл жерге жұмыскер ретінде келгілері келетіндігін, себебі бұл жерде жауапты, батыл және қайырымды адамдар еңбек ететіндігін атап кетті.