2014 жылдың 14 мамырында Қазақстан Республикасының Ақмола облысы бойынша  табиги монополияны реттеу жөнінен Агенттігінің Департаменті (ТМРАД) Компанияның Атбасар АЭЖ  нысаны бойынша пресс-тур өткізді. Берілген шараның мақсаты инвестициялық бағдарламаларды орындау мен  кәсіпорын активтерін модернизациялауды жүзеге асырудағы тиімділігі жайында БАҚ-на айқындау.

Эффективная модернизация

Біздің Компания табиғи монополияның субъектісі болғандықтан, оның барлық қызметі тиісті орындармен қадағаланып отырады. Инвестицияның қайда құйылатыны және не үшін жасалынатыны жайлы біздің тұтынушыларымызды және де басқа мүдделі тұлғаларды ақпараттандыру үшін, аудандық, облыстық және республикалық тұрғыдағы БАҚ өкілдері шақырылатын, ТМРАД-мен бірігіп Компанияның нысандары бойынша пресс-турлар ұйымдастырылады.

Осы жолы пресс-тур 2013 жылғы инвестициялық бекітілген бағдарламаны іске асыру негізінде орындалған үш қосалқы станция бойынша модернизацияның қортындысымен таныстыруды өзіне алды.

Ақмола облысы бойынша Қазақстан Республикасының табиғи монополияны реттеу Агенттігі Департаменті басшысының орынбасары – Асылбек Аламан, «АЭҮК»АҚ жөндеу бойынша бас инженердің орынбасары – Сергей Байков, «АЭҮК» АҚ Ақмола ААЭЖ Атбасар АЭЖ басшысы – Василий Пригодин, «АЭҮК» АҚ қаржы-экономика қызметінің экономисті – Жан Нұрмағанбетов және «АЭҮК» АҚ-ның  қоғаммен байланыс жөнінен маманы - Роза Жұмекенова, және де қазақ тілінде шығатын, «Ақмолинская правда», «Простор Атбасар» және «Атбасар» газеті баспаларының корреспонденттері пресс-турда атсалысты.

Пресс-тур бағдарламасында «Атбасар-2», «Город» және «Западная» ҚС-ларын аралау болды.

Эффективная модернизация

БАҚ өкілдері ең бірінші «Атбасар-2» ҚС , артынан «Западная» ҚС және соңынан «Город» ҚС танысты. ҚС-лар қаланың әр аудандарында болғандықтан, жол бойында Атбасардың айтарлықтай ірі елді мекен екеніне көзіміз жетті.

Нысан аумағына барысымен-ақ Сергей Байков қосалқы станцияның қыр-сырын толық түсіндіріп, пресс-тур қатысушыларының назарын өзіне аударды.

БАҚ өкілдері кездесу нәтижиесінде 2013 жылғы инвестициялық бекітілген бағдарламаны негізінде, қосалқы станциялардағы күш трансформаторларының күрмеулеріндегі ескірген бөлгіштер мен қысқа тұйықталынуларды  қазіргі замандық бағанды элегазды ажыратқыштарға ауыстырылған.Мұндай шешім Атбасар қаласының тұрғындарын қысқа тұйықталу болған жағдайда, электржабдықтаудың сенімділігін арттыру үшін қабылданған болатын. Электржабдықтау ескі схема бойынша кез келген қысқа тұйықталу қосалқы станцияның сөнуіне әкеледі, бұл көп деген тұтынушылардың тоқсыз қалуы.

- Қысқа тұйықталу неден болуы мүмкін?

- Көп деген жағдайлардан болуы мүмкін - деді Василий Пригодин, Атбасар АЭЖ басшысы. Мысалы, ӘЖ сымдарды құстардың жабуы немесе қолайсыз ауа райы осылардың салдарынан 110 кВ желісінің авариялық сөндіру болады. Бұл Атбасардың толықтай бір ауданында жарықтың болмауы.

- Енді мұндай болмайды – деді Сергей Байков. Электржабдықтау 110 кВ ӘЖ түгел ағытылмайды, желі кернеулі күйінде қалады. Тек бұзылған жері қосалқы станциядан ажыратылады. Жарықсыз жарты минут отырса – оның өзі мәселе. Кей кәсіпорындар электржабдықтауда жалғастырылымсыз шектеу үшін де қомақты шығынға батуы мүмкін. Атбасар тұтынушыларына  электржабдықтың сенімді болуына инвестициялық бағдарлама жоспарланып жүргізілген болатын.

Эффективная модернизация

- Сіздер жаңа элегазды ажыратқышты орнатқаннан оң нәтиже көріп отырсыздар.

- Оның жақсы жақтары орнатпай тұрып-ақ белгілі болған. Сондықтан да оларды тез арада орнатуға өтініш болған, – жауап берді Василий Пригодин, - Сергей Алексеевич қысқа тұйықталу кезінде қандай мәселелер туындағанын түсіндірді. Уақытша өлшемдер жаңа ажыратқыштарды қоюға байланысты қатты қысқарды.

- Жаңа құрылғы қанша уақыт жұмыс атқара алады?

- Елу жыл жұмыс істейді деп сенеміз, - Василий Михайлович күлімсіреп хабарлады.

Сонымен қатар инвестициялық бағдарлама аясында жедел тоқтың шкафтары, күш трансформаторлары қалқандарының шағын процессорлы панелдер және орталық дабыл қойылды.

Эффективная модернизация

Жаңарту кезінде қосалқы станцияларда Ресейден шыққан сапалы құрылғылар қолданылғанын, және де пайдалану кезінде өзінің тек жақсы жағынан көрсеткенін Сергей Байков айта кетті.

Энергияны тұтыну ұлғайған сайын,  қосалқы станцияларды жаңарту тек компанияның ғана емес, сонымен бірге  бүтін бір энергетиканың негізгі тапсырмаларының бірі болды.

2013 жылға бекітілген инвестицияның соммасы 2,5млрд. құрады. «Атбасар-2» ҚС 31,1миллион теңге, «Западная» ҚС - 15,8 миллион теңге, «Город» ҚС - 15,9миллион теңге жұмсалды. «АЭҮК»АҚ инвестициялық міндеттемені 105,7 % -ға орындады.

Барлық жұмыстар белгіленген кесте мерзіміне сай аяқталды.   

«АЭҮК» АҚ қоғаммен байланыс бойынша бөлімі