22 желтоқсанда Целиноград ауданының орталығындағы Ақмол аулында «АЭҮК- Энергосбыт» ЖШС-нің жаңа сервистік орталығы ашылды.

Салтанатты ашылуға Целиноград ауданының әкімі Таткеев   Малгаждар мен «АЭҮК» АҚ-ның Бас директоры Зулеев Мұқан қатысты.

Ақмол ауылында мұндай орталықты  салу қажеттілігі бұрын туындаған болатын. Астана жанындағы кент соңғы жылдары қарқынды дамып, құрылыстар салынып, жеке кәсіпкерлік жақсы дамуда. Осыған сәйкес электр энергиясын тұтынушылардың да саны артуда.

Сервистік орталық ауданның орталық көшесінде орналасқан барлық заманауи талаптарға сай екі қабатты ғимарат. Бірінші қабатта кассалар мен төлем терминалдары орналасқан. Тұтынушылар қолайлығы үшін электр энергиясының ағымдағы тарифтері туралы ақпараттар, қажетті құжаттарды ресімдеу үлгілері, шарттар бланксі және т.б. бар. Ғимараттың екінші қабатында қызметтік кабинеттер және конференц-зал бар.  

«АЭҮК-Энергосбыт» ЖШС директоры Смык Елена атап өткендей, сервистік орталықта жеке тұлғаларға және заңды тұлғаларға энергиямен қамтамасыз ету бойынша төлем жасаудың барлық кешенді қызметін ұсынады, сонымен қатар тұтынушылардан шарт жасауға өтінімдер қабылдайды. Сонымен қоса бұл жерде аударымдар және қарыздар бойынша қажетті ақпаратты алуға болады.

«АЭҮК» АҚ қоғаммен байланыс бойынша бөлімі