2015 жылғы 29 қыркүйекте АЭЖ энергия объектілеріне баспасөз тур жасалды. Журналистер Аршалы ауданының Жібек Жолы ауылындағы 110/35/10кВ «Новоалександровка» қосалқы станциясындағы инвестициялық жобаның іске асырылуымен және Целиноград ауданының Қабанбай батыр ауылындағы 0,4-10 кВ тарату жүйелерін қайта құру жұмыстарымен танысты. Баспасөз турының барысында объектілерді қайта жаңғырту кезінде көбіне отандық өндірушілердің материалдары мен жабдықтары таңдалатыны айтылды.

«Табиғи монополия субъектілерінің қызметі жоғары деңгейдегі айқындық дегенді білдіруі керек. Ол мақсатқа қол жеткізудің бірден – бір әдісі тұтынушылар мен басқа да мүдделі тұлғаларды БАҚ құралдары арқылы ақпараттандыру болып табылады», – деп атап өтті баспасөз туры барысында Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті Ақмола облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Әсет Курашев.

 «Новоалександровка» қосалқы станциясын (ҚС) қайта жаңғыртудың қажеттілігі қала маңындағы Жібек Жолы  елді мекенінің белсенді дамуының салдарынан туындады. «Новоалександровка» ҚС – Аршалы ауданының энергия жүйесі үшін маңызды объект болып табылады, оның өткізу қуатын арттыру – жергілікті тұрғындарды сенімді де сапалы электржабдықтау қажеттілігінен туындаған жағдай. Қайта құрудың нәтижесінде 10Кв майлы сөндіргішті ұяшықтары қазіргі заманғы вакуумды сөндіргіш пен қорғаныстың микропроцессорлық блоктарыбар 10Кв ұяшықтарға толықтай ауыстырылды. Жаңа ұяшықтар қазақстандық өндіруші Kemont-тан жоғары сапасы мен пайдаланудағы қолайлығы үшін таңдап алынды. Сондай – ақ 110 кВ секциялық майлы ажыратқыш 110 кВэлегазды бакты ажыратқышқа ауыстырылды. Қосалқы станцияны қайта жаңғыртуда құрал – жабдықтарды экологиялық және қауіпсіздік тұрғысынан пайдаланудың маңызы зор», - деді журналистерге «АЭҮК» АҚ-ның бас инженердің жөндеу бойынша орынбасары Сергей Байков. Сондай – ақ ол Қабанбай ауылындағы 0,4-10 кВтарату жүйелерін қайта құруға ұзындығы 17 км артық аспалы оқшауланған сыма бар ӘЖО-0,4кВ монтаждау және 5 жаңа 10/0,4 кВжиынтық – трансформаторлық қосалқы станциясын орналастыру да енгізілгенін айтты. Жаңа желілер мен жиынтық – трансформаторлық қосалқы станциялар энергия тұтынудың сұранысының деңгейінің айтарлықтай өсіміне байланысты қажет болып отыр. Қабанбай батыр ауылының инвестжобасында да отандық өндірушілердің материалдары мен жабдықтары таңдалған.

Амортизациялық аударымдар мен таза кірістен тұратын компанияның өзінің қаражаты жыл сайынғы инвестжобаларды қаржыландыру көзі болып табылады.

«АЭҮК» АҚ инвестициялық бағдарламасы Ақмола облысының энергетикалық объектілерін жаңартуға, энергиямен жабдықтаудың сенімділігін арттыруға, желілердегі жоғалтулар мен желілердегі апаттардың деңгейін төмендетуге көзделген.  Инвестициялар бірнеше басым бағыттарға бөлінген: электр беру желілері мен қосалқы станцияларды салу және қайта құру, күрделі жөндеулер мен электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесін (бұдан әрі – ЭКЕАЖ)енгізу. 2015 жылғы бекітілген инвестицияның жалпы сомасы 2,32 млрд теңгені құрайды.

«АЭҮК» АҚ қоғаммен байланыс бойынша бөлімі.