«АЭҮК» АҚ былтырғы жылдың күзінде басталған «Астана» қосалқы станциясының (ҚС) жабдықтарын  қайта жаңарту жобасын іске асыруды жалғастыруда. Жаңғыртуды Азия Даму Банкінің (АДБ) займы арқасында жүргізу мүмкін болды. Жобаны 2015 жылғы тамызда аяқтау жоспарлануда, соның нәтижесінде «Астана» ҚС күштік трансформаторларының белгіленген қуаты 80 МВА-дан 126 МВА-ға дейін, яғни  57,5% артпақ.

25 миллион АҚШ доллары мөлшеріндегі АДБ несиелік қаржы 2014 – 2016 жж. инвестициялық бағдарламаны орындауға бағытталған.

Бірінші кезең астананың ескі орталығы мен Астана қаласының әкімдігі сияқты стратиялық маңызы бар объектісін, бірқатар сауда орталықтары мен тұрғын үй кешендерін электр энергиясымен қамтамасыз ететін 110/10 кВ «Астана» қосалқы станциясындағы жабдықтарды қайта жаңартуды қамтиды.

«Астана» ҚС қайта жаңарту қажеттілігі туралы мәселе пайдаланып келе жатқан қуаты 40 МВА трансформаторларға барынша көп салмақ түсуіне байланысты туындаған. Трансформаторлардың біреуін ажыратқан кезде, екіншіге түсетін салмақ 140% құрап, шекті нормадан асып кетеді. «Астана» ҚС–нан электр қуатын тұтынудың перспективалық өсімін есепке ала отырып, қуаты 63,0 МВА болатын екі трансформатор орналастыруды қарастыратын жоба орындалды. Сондай – ақ 2 секциялық және 4 жерден енгізілетін ұяшықтарды, шина көпірін, 10 кВ ДГР, трансформаторлардың релелік қорғаныс панельдерін, қосалқы станцияның құрылыс бөлігін және т.б. ауыстыру жоспарланған.

«Астана» ҚС қайта жаңартудың сметалық құны 620 млн. теңгені құрайды. Қосалқы станцияны қайта жаңарту және жаңа электр беру желісін салу жобасының құны жоғары болғандықтан, Компания акционерлері Азия Даму Банкінің неселік займ мүмкіндігін пайдалану туралы шешім қабылдады. «Астана» ҚС жаңғырту жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыруға 2014 жылы кірісті. АДБ өкілдері қайта жаңартудың ағымдағы нәтижелерімен танысу үшін осы жылы объектілерді аралады. Бүгінгі күні екі трансформаторға 63,0 МВА-дан келетін 40,0 МВА-лық екі күштік тарнсформатор ауыстырылған.

Енгізу ұяшықтарын, шиналық көпірлерді, Т-1 қорғау панелін ауыстыру жұмыстары орындалған. Енгізу ұяшықтарын, Т-2 қорғаныс панелін және секциялық ұяшықтарды ауыстыру жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс жұмыстары мен  қосалқы станциясының өрт сөндіру жүйесі бойынша жұмыстары аяқталуда.

Қайта жаңартудың екінші және үшінші кезеңдерінде астаналық ЖЭЦ-2-ден  «Городская», «Промзона» ҚС-на кіре отырып «Астана» ҚС-на дейін ЭБЖ-110 Кв және «Городская» ҚС–нан «Астана» ҚС-на дейін ЭБЖ-110 Кв жаңа екі электр беру желісінің құрылысы жоспарланған.

Қайта жаңартуға қазіргі электр беру желісінің (ЭБЖ) өткізу қабілетінің жеткіліксіздігі себеп болып отыр. Жаңа желілердің жалпы ұзындығы шамамен 12 кмқұрамақ. Жобаларды іске асыру мерзімі – 2015-2016 жылдар.

АДБ-ның заңдық жәненормативтік талаптарына сәйкес, «АЭҮК» АҚ «Әлеуметтік және қоршаған ортаны басқару жүйесі бойынша басшылыққа алуды» әзірледі. Инвестиция салынған жобалардың жаңғырту мен қайта жаңарту жұмыстарын орындау кезінде АДБ жағынан қойылған талаптар да, Қазақстан Республикасының қолданыстағы еңбек және экология заңнамасы саласындағы нормативтік-құқықтық актілерінің барлық экологиялық және әлеуметтік нормалары мен талаптары сақталады.

Анықтама: Бас офисі Манилада орналасқан АДБ миссиясы  - жан – жақты экономикалық және  экологиялық тұрақты өсім, өңірлік интеграция арқылы Азия- Тынық мұхит өңірінде кедейшілік деңгейін азайту. Банк 1966 жылы құрылған, оған 67 мүше-елдер кіреді, 48-і сол өңірлерден. 2014 жылы АДБ көмегі $9,2 млрд. қоса қаржыландыруды қосқанда,  $22,9 млрд. құрады. Қазақстан 1994 жылдан бастап АДБ мүшесі болып табылады.

«АЭҮК» АҚ қоғаммен байланыс бойынша бөлімі.