2015 жылғы 1-қазанда «АЭҮК» АҚ - да Еңбек ардагерлеріне құрмет көрсетілді. Мерекеге 40-тан  аса шақырылған зейнеткерлер жиналды.

Компнияның орталық ғимаратында өткен импровизизацияланған митингіні «АЭҮК» АҚ Ардагерлер кеңесінің төрағасы Виктор Павлович Беляев ашты. Ол қатысып отырғандарды Халықаралық қарт адамдар күнімен құттықтап,  мықты денсаулық тіледі және келер жылы олар осы жерде, осы құрамда жиналады деген үмітін жеткізді. Еңбек ардагерлері өз кезегінде «АЭҮК» АҚ басшылығына осындай мереке ұйымдастырғаны және Компания атынан берген сыйлықтары үшін алғыстарын білдірді. 

Құрметті демалыста болсада, зейнеткерлер белсенді өмір салтын жүргізуде. Олардың оптимизмімен өмірге деген сарқылмас қызығушылықтары құрмет тұтуға лайықты:  олар театрларға барады, дене шынықтыру топтарында  шұғылданады. Биылғы жылы қарашада 90 жасқ атолатын Октябрина Александровна Тетеринаны,  Александра Алексеевна Игнатенконы,  Людмила Александровна Полянцеваны мысалға келтіруге болады. «АЭҮК» АҚ ардагерлерінің бірі  -  Анатолий Васильевич Валюженич жақында жарыққа шыққан Лилия мен Осип Бриктің өмірлерінің соңғы жылдары туралы екі томдық жинағын көрсетті.

Осы күні еңбек ардагерлеріне Компанияның барлық бөлімшелерінде құрмет көрсетілді.  «АЭҮК» АҚ - да есебінде барлығы 420 жұмыс істемейтін зейнеткер тұр.

«АЭҮК» АҚ қоғаммен байланыс бойынша бөлімі.