Еңбек жолын мастерліктен бастап үлкен бастыққа дейін өткен басшылар шынымен де ерекше құрметке ие.
Мықты шаруашылық қабілетімен ақылды басшының жарқыны Атбасар аудандық электр жүйелерінің бастығы Василий Михайлович Пригодин болып табылады. Ол өз ісінің маманы мен шебер әкімгері ғана емес, жақсы психолог та. «Адамда қандай қасиетті бағалайсыз?» - деген сұраққа, - Василий Михайлович ойланбастан: «Өз іс әрекетің үшін жауапкершіліктен қорықпай дербес шешімдер қабылдай білу» - деп жауап берді.
Иә, қызметкерлерді мәжбүрлемей дербес жұмыс істеуге үйрету, бұл әр басшының арманы. Пригодин туралы айтқанда, бәрі оның әрекетінің шапшаң да шешімді әрі жауапкершілікті өзіне ала білетінін атап өтеді.
Василий Михайлович Пригодин Атбасарда дүниеге келіп, сонда өсті.Сегіз жылдықты аяқтағаннан кейін Атбасар ауыл шаруашылығының электрмен жабдықтау техникумына оқуға түсті. Еңбек жолын 1972 жылы Атбасар АЭЖ диплом алды практикадан өтуден бастады. Ол еңбек кітапшасына ресми түрде жазбамен әрі тиісті айлықпен топтың 2 разрядты электрмонтері болып жұмысқа қабылданды. Практиканың үш айында студент Пригодин өзін көрсеткені соншалық, техникумды аяқтауына бірнеше ай қалса да аудандық электр жүйелерінің штатына қалдыру шешілген болатын. Сол кезеңде көптеген студенттер оқуды жұмыспен қатарынан атқарған, негізінен бұл түнгі кезекшілік болатын.
1973 жылы техникумды аяқтағаннан кейін ол бірден әскерге алынды. Ол әскери борышын өтегеннен кейін туған кәсіпорынына келді. Осы кезеңнен бастап жас маман Василий Пригодиннің кәсіби әрі мансабының жоғарылауы басталды. Алдымен ол сынау бойынша электр монтер, кейін – релелік-электр монтер болып жұмыс атқарды, үш жылдан кейін оны релелік-инженер лауазымына ауыстырды.
Василий Михайлович энергетика саласында бірден кәсіби болмайды деп санайды. «Қалыпты» электр монтер болу үшін «жерде» бес жыл жұмыс істеу керек, әртүрлі жағдайда болу керек, соның ішінде апаттық, тірек бойынша өрмелеп шығу, жоғары вольтты сызықтардың астында жүру және оларға қызмет етуді үйрену. Әрі өз ауданының энергетикасын, не және қайда желілер мен үлестіру пунктерін, әрбір елді мекеннің жағдайын өзіңнің бес саусағындай білу керек.
1981 жылы Василий Пригодинді аудандық электр жүйелерінің аға мастері етіп тағайындайды, ал 1988 жылдан бастап ол Атбасар аудандық электр жүйелерін басқарады.
Әртүрлі лауазымда – Электр монтер, мастер, бас инженерден бастап АЭЖ бастығына дейін жұмыс істеп, 10 кВ кернеуіне 6 кВ үлестіру жүйелерін ауыстыру бойынша жұмыстарына белсенді қатысты, ауданның қосалқы станцияларын қайта жарықтандыру мен қайта жаңарту мәселелерімен айналысты. Ол тұтынушыларды сенімді электрмен жабдықтау сызбасын құруға бар күшін бағыттады. Оның қатысуымен құрылған алдын ала жөндеу жүйесі ұзақ жылдар бойы АЭЖ желісінде ірі технологиялық бұзушылықтарсыз жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Соңғы жылдар бойы Атбасар АЭЖ бригадасы кәсіби шеберлік жарыстарында бірінші орын алатыны таң қаларлық емес.
Василий Михайловичті тек Атбасар ауданында ғана емес, Ақмола облысында да жақсы біледі. Бәрінен бұрын оның адамдарды бағалайтыны – бәріне белгілі. Қатал мінезіне қарамастан мейлі үлкен басшы, бизнес өкілі немесе қарапайым электр монтер болсын жақсы қарым-қатынасты сақтай алады. Оны құрметтейді, оның пікірімен санасады, оның кеңестерін тыңдайды. Оның өмірлік ұстанымы– дербес шешімдер қабылдауда қорықпау және өзіне жауапкершілік алу болып қалды.
Жұмыстан кейін демалу және босаңсу, әрине, отбасына көмектесу және ... балық аулау. Василий Михайлович жұбайы Людмила Анатольевнамен осы іспен күтпеген жерден айналысты. Ол былай болған еді. Бес-алты жыл бұрын отбасылық дос оларды балық аулауға шақырған болатын, сосын тағы да тағы... Пригодиндер қалай осы іске тартылғандарын байқамай да қалды. Әуесқой балықшы керісінше ол емес Людмила Анатольевна болды. Осылай да болады! Оның ең ірі аулауы - былтыр қыста ұстаған төрт келілік шортан. «Қуаныш болды!», - деп күлді Василий Михайлович.
…Күнтізбеде қазанның соңы, ал ағаштар әлі жасыл, ал ауада қыстың суық демі сезіледі. Таяу демалыс күндері Пригодиндер биылғы жылдың соңғы балық аулауына баруы әбден мүмкін, маусымды жабу керек қой. Жақсы балық аулауға сәттілік!
«АЭҮК» АҚ қоғаммен байланыс бойынша бөлімі