Владимир Августинович Барановжарты ғасырдай энергетика саласында еңбек етіп келеді. Ал ол энергетика туралы армандамағанда...
Владимир Баранов Шортанды ауданы Шортанды кентінде туған және сонда өскен. Ол жоғары сыныптардарадиотехникамен еліктеген де 1966 жылы кәмелеттік аттестат алғаннан кейін досымен Казань авиация институтының радиотехникафакультетіне оқуға түсуге барды. Елімізде мұндай жоғары оқу орыны небәрі үшеу болған, және онда конкурс үлкен болды.
Оқуға түсетін емтиханды достар жақсы тапсырды, бірақ оқуға қабылдануларына екеуіне де бір баллдан жетпеді. Радиотехникаға қарағанда басқа факультеттерге өтпелі балл әжептеуір төмен болды және қалауынша кез келгеніне ауысуға болатын. Владимир тек радиотехниканы армандаған және келесі жылы түсуді шешті, ал оның жолдасы кеме құрылысы факультетінің студенті атанды.
Владимир үйге қайтып келгеннен кейін Астық шаруашылығы институтына лаборант болып жұмысқа орналасты. Сол жылдары Қазақстанның солтүстік өңірлерін электрмен жабдықтау басталған. Игерілген тың аумақтарында совхоздар құрылды, үйлер салынды және кенттер өсті, осыларға сәйкес инфрақұрылымдарды дамыту талап етілді. Республикада өз мамандары қажет болды да 1966 жылы Целиноград (Ақмола) ауыл шаруашылығы институтында ауыл шаруашылығын механикаландыру және электрмен жабдықтау екі жаңа факультет ашылды. 1967 жылы Владимир Баранов ЦАШИ электр техникалық факультеттің студенті болды.
Институтты тәмамдағаннан кейін 1972 жылы ол Шортандыға қайтып келіп, «Целинэнерго» электр желілері Целиноград кәсіпорыны Шортанды желілік ауданының МУС мастері болып жұмыс істеді. Басшылық сауатты да алған бетінен қайтпайтын жас инженерді бірден байқады, үш жылдан кейін оған Целиноградта үлестіру желілері қызметінде жұмыс ұсынылды. Ол мұнда аға инженер, сосын қызмет бастығы және электр желілері кәсіпорыны бас инженерінің орынбасары болып ұзақ уақыт жұмыс істеді.
Жас басшыны кәсібилігі, құзыреттілігі және парасатты ұстауы ерекшелендірді. Ол көп оқыған және әрқашан да саладағы барлық жаңашылдықты біліп отырған. Адам баласы басшы болып тумайтынын түсініп, 1985 жылы ол өндірістен қол үзбей Алматы энергетика институтында оқып, «Энергетика өндірісінің басшысы» мамандығы бойынша диплом алды.
1993 жылы Владимир Барановты «Целинэнерго» ӨЭБ техникалық инспекция басшысы лауазымына ауыстырды. Соңғы жылдары ол бірлестікте техникалық бөлімнің бастығы, пайдалану-техникалық департаменттің директоры болып қызмет етті.
90-шы жылдың басы «Целинэнерго» ӨЭБ ішкі қайта ұйымдастыру басталды да Баранов «АЭҮК» ААҚ пайдалану бойынша бас инженердің орынбасары болып тағайындалды. Ал 2001 жылдың 1 наурызында «АЭҮК» АҚ қайта құрылғаннан кейін бұл лауазымда 2014 жылы Компания басқару төрағасының техникалық кеңесшісі болып тағайындалғанға дейін жұмысын жалғастырды. 2016 жылы оны «АЭҮК» АҚ бас инженердің кеңесшісі болып тағайындалды.
Бас инженердің кеңесшісі
Владимир Августинович жұмысқа келгенде бірінші кезекте ОДҚ барады, диспетчерлермен араласады, аудандардан келген жедел жиынтықтарды қарайды, жөндеуге келетін объектілердің тізімін қарайды. Аудандық электр желілері мен жеке электр объектілерінде не болып жатқанын білу жылдар бойы жиналған әдет бүгінгі күнге дейін қалған. Биыл тамызда Владимир Августинович 70 жасқа келетін болса да ол әлі тың, жігерлі және іс тыңдыруға жеңіл. Ал оның зердесі қашан бір жарыққа шыққан ережелер, нұсқаулықтар мен регламенттер және электр энергетика туралы заңнамаға шыдап берген барлық өзгерістердің таусылмайтын санын сақтайды. Өзі де заң шығармашылығы қызметіне қатысады. Шынымен де, осы бір екі күнде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінен «АЭҮК» АҚ «Электр қондырғыларының құрылғылары ережесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша Жұмыс тобына белсенді қатысқаны үшін» В.А.Барановқа алғыс білдіріп хат келді. Хатта бірлесіп жұмыс істеген уақытта Баранов В.А. жоғары кәсібилігін, ісіне жауапты және адал қатынаста көрсеткені аталып өткен.
Владимир Августинович кәсіби ортада жоғары беделі бар және Қазақстан энергетикасының тарихы туралы кітап басылымы, энергетика ардагерлерінің форумы және республикалық деңгейде немесе Достастық елдер деңгейінде жиналыстар сияқты іс-шаралардың бірде бірі оның қатысуынсыз өтпейді. Демек, ол менсінбеушілікпен және еліктеушілікпен айналыспайды, өте кішіпейіл адам.
Жастарға шын көңілмен өзінің білімдерін береді, әлеуметтік серіктестік аясында компаниямен өткізілетін кәсіптік бағдар беретін жұмыстарға қатысады, компанияның энергетика объектілеріне студенттер үшін экскурсия жүргізеді, оқушылармен кездесулерге қатысады.
Бұдан басқа компания командасын кәсіби шеберліктің республикалық жарысына дайындайды республикалық төрешілер бригадасының құрамына ұдайы кіреді. Атап айтқанда, 2016 жылдың кәсіби шеберліктің республикалық жарысында Владимир Августинович жоғары кәсібилігін куәландыратын ең әділ төреші болып танылды.
Владимир Августинович қызмет бабымен аудандарда техника қауіпсіздігі күндерін және басқаларын да өткізу кездерінде жиі іс-сапарларға шығып тұрады. Барлық жерде ол электр техникалық персоналдардың техника қауіпсіздігі мен техниканы пайдалану ережелерін бұлжытпай сақтауына талап қояды. Ол жартылай шешімдерді құптамайды, электр энергетикада «мүмкінге» сенуге болмайды деп санайды.
Осы жылдың ақпанның басында Владимир Августинович «АЭҮК» АҚ ОДҚ бастығы Борис Синицкиймен бірге Астрахан АЭЖ базасында Ақмола ААЭЖ аудандық электр жүйелерінің жедел диспетчерлеріне арналған семинар-оқу өткізді. Мұндай семинарлар жыл сайын әр ААЭЖ өткізіледі, келесі наурызда Есіл ААЭЖ өткізіледі.
Өзінің барлық еңбек жылдары бойы Владимир Баранов еңбек кітапшасы беттерінің шималанған жазбалары куәландыратын адал еңбегі үшін ғана емес, рационализаторлық (!) ұсыныстары үшін де құрмет грамоталарымен және құнды сыйлықтармен бірнеше мәрте марапатталды.
2006 жылыВладимир Августинович Қазақстан Республикасының Құрметті энергетигі атағы берілді. Ал бүгінде ол ТМД Құрметті энергетигі және ҚР Құрметті энергетигі.
Біліктілігінен мінсіз жан
Владимир ФЕДОРОВ:
- Владимир Августиновичті бұрыннан білемін, ол ақылды әрі сауатты маман. Қазымыр, шыны керек, біліктілігінде мін жоқ. Оған бәрі қалай болуы керек, солай болғаны керек. Және ол дұрыс: электрмен ойнауға болмайды.
Ақаулық пен бұзылғандықты аңғару әдеті сонау «Целинэнерго» ӨЭБ техникалық инспекция болып жұмыс істегеннен қалған. Және ешкім де қарсы бола алмайды, себебі барлық бұл нұсқаулықтарды Барановтан артық ешкім білмейді.
Тағы да ол ықыласты әрі міндетті адам, бірге жұмыс істегендердің бәрі ат-атымен есінде, туылған күндерімен немесе кәсіби мерекемен құттықтауды ұмытпайды.
Ростислав ПАШКЕВИЧ:
- Әлі есімде, 1986 жылы біліктілікті жоғарылату курсында Алматыда болдым. Оқу аяқталғаннан кейін біздің алдымызда курстық жұмыс жазу және қорғау тұрды. Бәріміз кітапхана бардық. Әдістемелік әдебиеттердің арасынан мұнда бірнеше ай бұрын оқып кеткен Владимир Барановтың курстық жұмысын көргенде таң қалдым. Бұл жағдай өзі өзі үшін екенін білдіреді.
Галина ГАНОЛЬ:
- Владимир Августиновичпен бірге жиі іссапарларға барамыз. Онымен жұмыс істеу жеңіл. Ол көп біліп қана қоймайды, тағы да жақсы әрі түсінікті тілмен түсіндіреді.
P.S. Владимир Августиновичті кеңседен табу қиын. Телефон шалынғанда ол шет аудандарға кезекті іссапарға кетіпті.
Міне осындай– біздің ардагерлер!
«АЭҮК» АҚ қоғаммен байланыс бойынша бөлімі