Басшы – бұл кәсіби ғана емес, құзыреттілік және қиын жағдайларда шешімдерді жедел қабылдай білу керек. Ең бастысы бағыныштыларыңның алдында жауапкершілік.
Сырттай қарағанда сабырлы, ауыр мінезді, тіпті біршама сылбыр. Бұл адамның зығырданын қайнату мүмкін емес деп ойлайсың. Бірақ бұл бір қарағанға...
Сергей Владимирович Герасименко Атбасарда жұмысшы отбасында дүниеге келген. Әкесі - Владимир Максимович Атбасар электрлендіру техникумында жүргізу инструкторы және дәнекерлеу бойынша мастері болып жұмыс істеді. Анасы - Меланья Александровна наубайшы болды. Әкесі Сергейге 11 жас болғанда өмірден өткен. Одан басқа отбасында інісі мен қарындасы бар. Анасына балаларды тәрбиелеуге Максиматасы көмек берді. Ересектер балалар ештеңеге мұқтаж болмауына, оқуларына мүмкіндік алуына тырысты.
Сергей мектепте жаман оқымады, оқу озаты да, үлгермеушілер қатарында да болмады, өзі күліп айтқанындай «орташа» болды. Барлық ер балалар сияқты футбол ойнады, баскетбол және грек-рим күресімен айналысты, жоғары сыныптарда достарымен аспаптық ансамбль ұйымдастырды. Оның алдында мамандық таңдау мәселесі болған жоқ, ол өзі сол кезде Атбасар электрлендіру және ауыл шаруашылығын механикаландыру техникумында электрлендіру бөлімінің меңгерушісі болған көршісі Валерий Дмитриевич Рощиннің арқасында таңдау жасады. Ол зиялы адам әрі қызықты әңгімелесуші және Герасименко отбасымен қабырғалас тұрды. Енді ғана ересектер өміріне өткен бала үшін мұндай көрші жай болмады. Мектеп бітірген соң Сергей құжаттарын осы оқу орынына тапсырды. Бүгінгі күнге дейін дұрыс жол таңдадым деп санайды.
Техникумда Сергей Герасименконың барлық жақсы қасиеттері ашылды. Ол қабілетті студентболды, бәрін бірден ұғып алып және ол жолдастарына кез келген тақырыпты жеткілікті түсіндірді. Жігіт жақсы ұйымдастырушы да шапшаң болды, тез арада балаларды жинап, сендіре алды және өзімен ерте білді. Оның осы қабілеттері ескерілмей қалмады, оқуды аяқтаған соң Сергей Владимировичке оқытушы болып қалуын ұсынды. Ол 19 жасында арнайы сабақтардан оқытушы болып жұмыс жасады, Целиноград ауыл шаруашылығы институтының электр техникалық факультетін сырттай тәмамдады. Сосын Атбасар ауданы әкімінің орынбасары болып жұмыс жасады, ал 2004 жылы оған Целиноград АЭЖ басшылық етуді ұсынды. Бұл кезде Сергей Владимировичтің қыздары Астанада университетте оқып жүрген, жұбайы Лариса Артуровнамен ақылдасып, ол ұсынысты қабыл алды.
Александр Павлов, «АЭҮК»АҚ бас инженері:
- Сергей Владимирович «АЭҮК» АҚ аса қиын бөлімшелерінің бірі – Целиноградаудандық электржүйелерін басқарады. Астанаға жақын белсенді дамып және салынып жатқан ауданның барлық қызметтерінің жұмысына үлкен жауапкершілікті талап етеді. Ауданның халқы отандастарымыздың жақын және алыс елдерден қосылуынан әрдайым көбейіп отырады және тиісінше электрэнергиясын тұтынушылар да көбейеді. Қыс мезгілінде Целиноград ауданы Есіл немесе Степногорск АЭЖ қарағанда электр энергиясын артық тұтынады. Аудан бұл күрделі де сол жоспарда кенттің бір және сол тұрғындары аумақтық әртүрлі электр беруші ұйымдарына жата алады. Қалыпты адамға бұл жөнсіздік болып көрінеді, жағдай бүгінгі күні осындай. Бұның бәріне қарамастан тұтынушыларды үзіліссіз электрмен жабдықтау - өзінің басты міндетін орындаумен Герасименконың басшылығымен ұжым табысты орындап келеді.
Целиноград АЭЖ балансында бүгінгі күні 110/35/10 кВ 25 қосалқы станса, 355 КТҚС және ТҚС, 0,4-10 кВ қуатымен 1404,4 шақырым үлестіруші жүйелері бар. Бұл орасан энергетика шаруашылығы әрдайым жаңғырту мен қайта жаңартуды талап етеді. Сондықтан Герасименкода ең үлкен инвестициялық бағдарлама бар. Үлкен қаржылық қаражат қана емес, ол басшылық етіп отырған ұжымның да зор еңбегі. Целиноград АЭЖ бастығының есебінде демек, басшылықтың сөгістері мен ұсынымдарының ең көп саны.
Бүгін Целиноград АЭЖ мамандары Максимовка, Қабанбай батыр, Қараөткел және Родина елді мекендерінде барлығы 30 шақырым шамасында 0,4-10 кВ үлестіру жүйелерін қайта жаңартуға кірісті. Бұдан басқа 16 КТҚС ауыстырылатын болады.
Жөндеу және қайта жаңарту – Целиноград АЭЖ қызметін жалғыз құрушы емес. Барлық күзгі-қысқы кезең аралығында шеберхана учаскелерінің мамандарымен ТҚЕ және ТПЭ оқыту бойынша техникалық оқыту өткізіледі, штаттан тыс жағдайлардың туу жағдайына әрекет жасау барысында апатқа қарсы жаттығулар қолданылады. Бұның бәрі шынайы жағдайларда тым жедел әрі жүйелі әрекет ету үшін жасалады.
Сергей Владимирович үшін жұмыс – бұл бірінші кезекте адамдар. Ол мегаполиске жақындық кадрлардың тұрақсыздығына әкелетінін және бұл барлық астана маңы аудандарының проблемасы екенін өкінішпен айтады. Герасименко басшы ретінде бағыныштыларын мұнда құрметтеп және бағалайтынын сезіну үшін барлық мүмкіндіктерді жасайды, осы ретте, ол жұмысқа тікелей қатысты барлық жұмысқа талап қоя біледі. Әрбір маманның іс-әрекеті мен мінез-құлықтарын ұғынуға, түсінуге және тыңдауға тырысады және олардың проблемаларын шешуге көмектеседі. Осы ретте, ол ең қатал басшы емеспін деп шағынады. Сондай болғысы келеді, алайда әрдайым олай болмайды.
Сергей Владимировичті жақсы білетіндер бағыныштыларының, әріптестерінің, достары мен жай ғана таныстарының табыстары үшін оның шынайы іскерлігін атап өтеді. Есепшілдік ғасырымызда сирек кездесетін сипаттама екеніне келісерсіздер. Міне, Целиноград АЭЖ бастығы осындай жан.
Жұмыстан бос уақытта Сергей Владимирович үй мен аумақ айналасын жақсартумен айналысуды жақсы көреді. Герасименко өзінің үй маңындағы бірнеше соток жерін толығымен қолданады. Мұнда бәрі: алма, шие, алмұрт, сирень бар, көктемнің келуімен бұлардың бәрі ақ-қызғылт әсімдігімен көзді қуанышқа бөлеп жанданады. Содан кейін Қызы Маргаританың айтуы бойынша үнемі ауыстырылып отыратын Лариса Артуровнаның еңбегімен астралар мен хризантемаларды айтпағанда, сары гүл, пион, раушан және георгин гүлдерінің кезегі келеді. Ал Герасименконың екі сүйікті немересі үшін аулада балалар алаңы салынған.
Герасименко ерлі-зайыптылар – ақ көңіл және дастарқаны мол жандар, олар қонақты қарсы алғанды жақсы көреді. Бәріне белгілі, Сергей Владимирович - жақсы компания үшін балық аулауға баратынын өзі айтса да, барып тұрған балықшы. Ал ауланған балықтан ол әдетте балық сорпасын немесе шулюм әзірлеп, сол кезде қасындағыларға таратады.
Әулет
Бүгін енді Герасименконың әулеті жайлы айтсақ. Сергей Владимирович пен Лариса Артуровна екі қыз өсірді және тәрбиеледі, екеуі де әке жолымен қыз балалар үшін типтік емес жағдай. Тұңғышы Татьяна, техника ғылымдарының кандидаты, Аграрлық университеттің энергетика факультетіндесабақ береді. Кіші қызы Маргаританың техникалық және экономикалық екі жоғары білімі бар. Ол «АЭҮЖ» АҚ Орталық аппараты өндірістік-техникалық қызметінің жетекші инженері. Оның міндетіне 0,4-10 кВ үлестіру жүйелеріне күрделі жөндеуді орындау бойынша жоспарды қалыптастыру мен олардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру кіреді. Аға әріптестер қыз бала өте сауатты, тыңғылықты және жұмысын өте жақсы орындайтынын атап өтті.
Маргарита Герасименко: - Электрэнергетикасын таңдауым тағдырмен алдын ала жазылуы мүмкін: әкем Атбасар электрлендіру техникумында сабақ берді, әпкем электрфакультетінде оқыды. Мен балалық шағымнан әкем бірдеңені ондағанда қарап тұруды жақсы көрдім. 12-13 жасымда өзім дәнекерлеуішпен жұмыс жасадым, қарапайым электр шынжырларын жинадым. Бұл қабілетім жаңа жыл қарсанында, ёлканы безендіргенде бір жыл қажетке жаратылмай жатқан ёлка гирляндасын пайдаланғанда болды.
Мектепте оның сүйікті пәндері алгебра және геометрия болды, физика да өте ұнады, өйткені күнделікті өміріміз сонымен байланысты болды. Ешқашан бестіктің артынан қуған емес, өзінің қабілетіне қарай оқыды, алайда орта мектепті үздік бітірді - аттестатта екі төрттік болды. Университетке грантпен жеңіл түсті және оны қызыл дипломмен бітірді. Кейін екінші экономикалық білім алды.
Бұл орта бойлы қыздың бойында ер мінезділік сезіледі. Сергей Владимирович: ұл бала күтіп едік, Маргаритатуды деп күлді.
Ол логикалық есептер мен головоломкаларды шешуді жақсы көреді, үстел теннисі мен баскетболойнайды, рулде өзі жүреді және машинаны ер адамдарша жүргізеді.Осы ретте, қол шеберлігі де ол үшін артық емес: ол тіге де, тоқи да алады – анасынан берілген қасиет. Балалық шағында халық билерімен айналысқан, жақында өзінің ертеректегі арманын жүзеге асырды, оқудан өтіп фитнес бойынша инструктор сертификатын алды да астаналық фитнес-клубтарында сабақ береді. Бұл оған жұмыстан демалуға және күнделікті абыр-сабырдан алаң болмауға көмектеседі. Тек ол ғана емес. Апта сайын осындай құштар жастар тобымен ол қалалық саябақта ашық ауада фитнес-сабақтар өткізеді. Тегін. Күннен күнге бұлшық еттерін шынықтыруға тілекшілердің көптеп болуына және бұл әр жастағы адамдар болғанына қуанады.
Ол өз жұмысын жақсы көреді, хоббиі оған ғана емес басқаларға да пайдасын тигізгенге қуанады және өзін мен әпкесін дербес де мақсатқа бейімді адамдар етіп тәрбиелегендері үшін ата-аналарына риза. Ал алда жаңа белестер мен жаңа биіктер, ол жеткен жетістіктерімен тоқтап қалуға үйренбеген. Онда, оған жақсы жол серіктер тілейміз.
«АЭҮК» АҚ қоғаммен байланыс бойынша бөлімі