Иосиф Вирц, Бұланды АЭЖ ҚСТ үлестіру құрылғыларына қызмет ету бойынша электр слесарі
Бұланды АЭЖ қосалқы станциясының тобында станций Иосиф Иосифович Вирц құрметті атқа ие жан. Ол кәсіпорынның тәжірибелі қызметкерінің бірі, осында еңбек өтілі 27 жылды құрайды.
Мұнда ол 1991 жылы келді, ҚСТ үлестіру құрылғыларына қызмет ету бойынша электрслесарі болып орналасты.
Қиын жылдар болды, бірақ Иосиф Иосифович кетпеді, ол өз кәсіпорынына сенімді болды.
Тәртіпті, жауапты әрі орындаушы қызметкер, оның қатысуынсыз кампанияның бірде бір жөндеу жұмысы жүрмеген.
Соңғы бірнеше жылдар бойы «Журавлевка»110/35/10 кВ ҚС қайта жаңарту бөлігінде КРУН-10 кВ ауыстыру бойынша жұмыстарға қатысты.
Қазіргі уақытта Иосиф Вирц және оның бригадасы ОРУ-35 кВ және 35 кВ май ажыратқыштарын элегазға ауыстыру бойынша жұмыстар жүріп жатқан «Заводская» 110/35/10 кВ ҚС жабдықтарын қайта жаңартуға қатысуда.
Василий Соколы, Шортанды АЭЖ газэлектрдәнекерлеушісі
Василий Васильевич Соколы Шортанды АЭЖ газ электр дәнекерлеушісі болып көп жылдар бойы еңбек етіп келеді. Ол кәсіпорынның ең тәжірибелі де сенімді қызметкерлерінің бірі ескі гвардияның өкілі.
Кәсіби сауатты маман, Василий Соколы өзіне де өзгеге де қатаң талап қоюшы. Өзінің бригадасымен бірге ол жыл сайын инвестициялық бағдарлама мен жөндеу кампаниясының іс-шараларын орындауға қатысып келеді, демек ол тиімді жұмыс істейді және басқаларын да жақсы нәтижелерге жетуге итермелейді. Василий Васильевичтің ерекшелігі ол жеке жағдайларда ешқашан абыржымайтыны, жоғарыдан нұсқау күтпейтіні болып табылады, туындыған проблемаларды өздігінен шешуге тырысады.Сондықтан да, онымен.әбігерсіз тыныш жұмыс істеуге болады. Ал оның айласы мен тапқырлығы қиын жағдайларда бригадасына сан рет көмектесті.Оның жолдастары бір нәрсені соңына дейін түсініп-білмейінше тыным таппайтын жігерлі, қажырлы деп айтады.
Көп сөйлемейтін және байсалды, Василий Соколының атына айтылған кез келген сынға сабырлы да абыроймен қарайды. Жұмыста ол ұқыпты әрі тақуалы, Пайдалану техникасы, техника қауіпсіздігі мен өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтайды, қазандықтың дұрыс жинақталуы мен ұсталуын қарайды, қосалқы станциялар электр жабдықтарының жүйелік есебі мен жұмысына талдау жүргізеді.
Шортанды АЭЖ Василий Васильевичтің ұлы Михаилда жұмыс істейді. Ол мұнда С.Сейфуллинатындағы Аграрлық университетті тәмамдағаннан кейін келді, алдымен электрслесарь болып жұмыс істеді, бүгін де ол ҚСТ үлестіру жүйелерінің инженері.
Кымбат Сагынган, ЦелиноградАЭЖ Қоянды МУС мастері
Кымбат Сагынган Целиноград аудандық электр жүйелерінде 2009 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Қоянды МУС бақылаушы-монтері болып қабылданып, 2013 жылы мастерлауазымына ауыстырылды. Жерге орналастыру мамандығы бойынша Жоғарғы инженерлік-техникалық академияны бітірген.
Қоянды МУС мастері Кымбат Сагынганныңқызмет көрсету аймағына Приреченск, Қоянды және Софиевскүш селолық окугі кіреді, ал бұл бір бірінен 20 және 40 шақырымғаорналасқан көп те емес, аз да емес кенттер. Көп жылдар бойы қалаға тікелей жақын орналасқан, апатты салынған күрделі участке, ал халқы молшылық болған жеке ЖТҚС қосылған. Уақыт өтіп ЖТҚС иелері ауысқан және электрмен жабдықтаудың сенімділігі мен үзіліссіздігіне ешкім жауап бермеген. Көптеген тұтынушылар бүгінгі күнге дейін оларды электр энергиясымен кімнің жабдықтайтынын білмейді. Осындай участкеде мастер Кымбат Сагынган қызмет етеді. Ол ешқашан шаршау немесе уақытының жоқтығына шағымданған емес, ауылдастарының қажеттілігі мен сұранымдарына түсіністікпен қарайды және олардың үйлерінде әрқашан жарық болуына қолынан келгенді жасайды.
Геннадий Орлов, Целиноград АЭЖ бас инженері:
- Кымбат тәртіпті әрі еңбек сүйгіш жан, онымен жұмыс істеу жеңіл. Кәсібінің бастауын ол жұмыс процессінде және техникалық сабақтарда алса да бүгінгі күні ол Целиноград аудандық электр жүйелерінде ең озық мастерлердің бірі. Округтағының бәрі мастер Кымбата Сагынганды оның ақ жүректілігі мен қарсы келмейтіні үшін біледі және құрметтейді. Ол жұмысын жақсы көреді және өндіріс үшін жанымен ауырады, егер де бірденені білмесе қайталап сұрауға ұялмайды. Еңбек демалысында жүрсе де жұмысқа шығу керек болса немесе біреуді ауыстыру керек болса ешқашан қарсылық білдірген емес. Оның жақсы отбасы, үш баласы бар.
Кымбат Сагынган Монғолия тумасы және сонда 10 жыл тұрған. 1992 жылы ата-анасымен Қазақстанға көшіп келген. Басында Атбасарда, кейін Макинкада тұрды, мұнда Кымбат орта мектепті тәмамдады.Аудандық әкімдік көп балалы отбасына үй құрылысы үшін жер участкесін берген Целиноград ауданының Қоянды кентіне 2008 жылы көшіп келді.
«АЭҮК» АҚ қоғаммен байланыс бойынша бөлімі