Арман Тындибаевты жақсы білетіндердің бәрі ол өте қарапайым жан дейді. Тұйық және адал жұмысын атқаратын адамның бірі және бары да білінбейді, бірақ жоқтығы бірден байқалады.
Ол Қызылорда облысы Новоказалинскіде дүниеге келіп, ер жетті, осында 1998 жылы орта мектепті бітірді. Пәндердің ішінен физикаға, алгебраға, геометрия мен сызуға ден қойды, сондықтан мектепті бітіргеннен кейін ҚазАТУ энергетика факультетінебарды. 2003 жылы инженер-электриктің дипломын алғаннан кейін армияға алынды.
Арман Тындибаевтың еңбек жолы 2009 жылы «АЭҮК» АҚ басталды. Астананың энергетика кәсіпорындарының барлығына түйіндемелерін жіберіп, ол Ақмола ААЭЖ жауап алды. Астана қаласының қосалқы станциясында жабдықтарды жедел ауыстырып қосу және пайдаланумен айналысатын «Астана» ҚС жанындағы жедел-шығу бригаданың кезекші электр монтері болып жұмысқа қабылданды. Тұйық және адал жігітті 35 кВ және жоғары қосалқы станцияның жабдықтарын жөндеу бойынша аға мастер талап етілген сол кездегі «Ақмола энергия жөндеу» ЖШС басшылығы байқады. Бір жылдан кейін Арманды Ақмола ААЭЖ қосалқы станция қызметі бастығының орынбасары етіп ауыстырды, мұнда ол өзін алдына қойған міндеттерін жақсы орындайтын сауатты әрі білікті маман ретінде көрсетті. Ол бұл лауазымда бір жарым жыл жұмыс істеді. «Ақмола энергия жөндеу» ЖШС ол 2012 жылдың шілдесінде алғашқыда бас инженерге тағайындалып қайтып келді, ал 2013 жылдың қазанында кәсіпорынның директоры болды. ЖШС қызметкерлері жас директорын жақсы еске алады да ол «жай ғана жақсы адам» деп айтады.
2014 жылдың басынан Арман Тындибаев «АЭҮК» АҚ басқарма аппараты ЭТҚ бастығының орынбасары болып тағайындалды. Осы қызметтің бастығы Александр Сырвачев өзінің орынбасарын былай сипаттайды: «Жұмысына тиянақты әрі ұқыпты, тұйықтығына қарамастан бастамашылығын көрсетеді, өте ашық және көпшіл адам. Ол Компанияда өткізілетін барлық іс-шараларға белсенді қатысады, және бұл факт өзі туралы айтады». Әріптестері Арманды қандай жағдай болмасын өзін ұстай алатын ептілігі үшін сыйлайды, достары ақ көңілділігі мен күлегіш мінезін бағалайды, кез келген адамның көңіл-күйін көтеруге қабілетті.
Ол әрдайым байыпты, сирек дауыс көтереді, әріптестерімен қалай сыпайы солай серіктестерімен де клиенттерімен де сыпайы, техникалық әдебиеттерді көп оқиды және қызмет басшысы лауазымына кадрлық резерв тізіміне кіргізілген. Спортпен айналысады, тренажер залына барады, стритбол ойнайды. Кітаптардан детективті ұнатады, іс жүзінде кітап оқуға уақытының жоқтығын да айтады.
Міне, біздің кадрлар осындай!
«АЭҮК» АҚ қоғаммен байланыс бойынша бөлімі