Астана жанындағы Целиноград ауданы Ақмола облысында электр тұтыну бойынша ең энергия сыйымдылығының бірі болып табылады. Қыс мерзімінде аудан  Степногорск немесе Есіл ААЭЖ қарағанда электр энергиясын артық тұтынады. Ауданның халық саны жыл сайын республикамыздың басқа өңірлерінен ұдайы келу салдарынан көбеюде.  Бұл тұтынушыларды үзіліссіз электрмен жабдықтауға жауапты ерекше жауапкершілікке  салады.

Целиноград АЭЖ бас инженері Геннадий Орловтың үстеліндегі телефон бір минөтке де тыңбайды. Көбіне тұтынушылар телефон шалады. Олар жұмыстан кейін де, тіпті түнде де телефон шалады. Геннадий Александрович бұған сабырлықпен қарайды, адамдарды түсінуге болады, себебі жылу, сумен қамту және адамды өмірлік  жайлылықпен қамтамасыз ету толығымен бәрі электр энергиясына байланысты екенін айтады.  Түнде электр сөнгенде, келісесіз бұл апат қой.       

Геннадий Орлов Макинск ауданының  Иванковка селосында туып өскен. Мектепті тәмамдағаннан кейін Целиноградқа оқуға түсуге кетті. Оның болашақ мамандығы туралы нақты ойы болмаған, ол нағашысының кеңесі бойынша ЦАШИ сол кездегі ең беделді экономикалық факультетке құжаттарын тапсырды. Оқуға қабылданған абитуриенттер тізімінде болмағанына ренжімеді, КАЕО (Кустовой ақпараттық-есептеу орталығы)  ЭЕМ жүк автобасқармасының есептеу орталығының операторы болып жұмысқа орналасты, қалаға үйренді де бір жылдан кейін  ЦАШИ электр техникалық факультетіне ойланып барып түсті.

Студенттік өмірдің бес жылы байқалмай тез өте шықты. Ол белсенді әрі білім құмар студент болды, қызығушылықпен оқыды, спортпен айналысты, барлық жерде және әр жерге белсенді қатысты. 4 курстан кейін өндірістік   практика басталды, оны Егіндікөлге (бұрынғыКраснознаменка) жіберді, техникумнан кейін жолдама бойынша келген Валентина деген қызбен танысты да кейін үйленді.

Егіндікөлге ол дипломды маман болып қайтып келді және міне 36 жыл кәсібін өзгертпеді. Бастапқыда мастер-тағылымдама өтуші, кейін аға мастер, АЭЖ бас инженері болып жұмыс істеді.  Кейін сегіз жыл бойы Егіндікөл және Астрахан аудандық электр жүйелерінің бастығы лауазымында жұмыс істеді. 2006 жылдан бері тұрғылықты жерінің ауысуына байланысты Целиноград АЭЖ бас инженері болып жұмыс істейді.

           

Сергей ГЕРАСИМЕНКО, Целиноград АЭЖ бастығы:

- Геннадий Александрович Целиноград АЭЖ 2006 жылдан бері жұмыс істейді. Ол сауатты әрі техникалық жоспарда құзыретті маман, қатаң және талап қоюшы басшы. Жұмысымыз жүйке тоздырады, тұтынушылар саны өсіп келеді, жұмысшы кадрлар, қарапайым электр монтерлер жетіспейді. Бірақ біз тұтынушыларымызды үзіліссіз электрмен жабдықтауды қамтамасыз ету үшін бәрін жасаймыз. Мұнда да бас инженеріміздің еңбегі зор.

Геннадий Александрович – түп тамырына дейін техник, ол ауданымыздың бар энергетика шаруашылығының барлық нашар және мықты звеноларын біледі. Оның құзыретіне энергетика объектілерінің апатсыз жұмысы ғана кірмейді, бұл объектілерге қызмет көрсететін персоналдың денсаулықтары мен көңіл-күй дәрежелері де кіреді. Ол бағыныштыларын құрметтейді және әр мастерінің және электр монтерлерінің әлпетін ғана білмейді. Адамдармен тату, оларды тыңдай біледі. Әрине, шамадан тыс болады да, онсыз болмайды. Ол жақсы әзілшілдік сезімді адам, ол жұмысымызда орыны толмас қасиет.

Ол аса салмақты адам. Ол бізге келген кезде тұратын үй болмай, бірнеше жыл жатақханада тұрды. Біртіңдеп үй салды да кейін ғана отбасын көшіріп әкелді. Оның жұбайы Валентина Иосифовна – салмақты және өнгелі адам, ол нағыз офицер әйелі сияқты Геннадий Александровичті барлық жағынан түсінеді әрі қолдайды. Ол  «АЭҮК-Энергосбыт» ЖШС Целиноград бөлімінде бухгалтер болып жұмыс істеген, қазір зейнеткерлікте. Орловтарда екі бала. Ұлы Александр Аграрлық  университеттің энергетика факультетін тәмамдаған, «АЭҮК» АҚ орталық аппаратында жұмыс жасайды.  Қызы Елена білімі бойынша экономист.

Биыл қарашада Геннадий Александрович 60 жылдық мерейтойын атап өтті. Оның «ҚР Құрметті энергетигі» және «ТМД Құрметті энергетигі» атақтары бар.

 

Владимир БАРАНОВ, «АЭҮК» АҚ техникалық кеңесшісі:

- Ақмола ААЭЖ және «АЭҮК» АҚ өндірістік-техникалық қызметі басшыларының пікірі бойынша Геннадий Александрович Орлов «АЭҮК» АҚ аудандық электр жүйелерінің ең тәжірибелі және техникалық сауатты бас инженерінің бірі болып табылады.

Целиноград АЭЖ соңғы оң жылдықта жыл сайын электр жүйелері мен қосалқы станцияларды қайта жаңарту және қайта қалпына келтіру бойынша нвестициялық  бағдарламаның үштен екісі іске асырылады және Компанияның жүйелеріне тұтынушыларды және олардың электр қондырғыларын қосу саны жүргізілуде, бүгін де осындай техникалық басшы қажет.  

                                        

Галина ГАНОЛЬ, «АЭҮК» АҚ ҚжЕҚҚ бастығы:

- 1992 жылы байланыс министрлігі жүйесінде жұмыс істеп жүріп, академиялық демалыстан кейін институтқа қайта орналасу үшін жұмыс орынынан шұғыл түрде анықтама керек болды. Мен Алматы энергетика институтының электр техникалық факультетінде оқығанмын.   Егіндікөл АЭЖ келдім, сол кезде бас инженер болған Орлов Геннадий Александрович қарсы алды. Мені назар қойып тыңдап, оларда байланысшылар жеткілікті де диспетчерлер жетпіспейтіндігін айтып күбірледі. Осы жерде: «Диспетчерлікке барасың ба?», - деп сұрақты төтесінен қойды.

Мені  110/35/10 кВ ҚС қызмет көрсету бойынша электр монтер етіп қабылдады. Осылай менің энергетикаға деген кәсіби жолым басталды. Шынын айтқанда, ол кезде ойламағанмын да анықтама алу үшін еден жуушы болуға да келісуші едім.  

Техника жағынан өте сауатты және ауданның жүйелері мен қосалқы станцияларын өзінің бес саусағындай білетін Геннадий Александровичтің арқасында кәсібімді тез игердім, ауыстырып қосу сызбаларында, бланктерінде талдауды үйрендім. Орловқа кез келген сұрақ бойынша хабарласамын, ол бәрін жақсы және түсінікті түсіндірді. Біртіндеп мен ұмтылдым, маған жұмыста оперативті тәртіп пен қатаң бірізділік ұнады, байланысқа қайтып баруыма мағына да болмады.

Әлі күнге дейін Орловты өзімнің бас тәлімгерім санаймын. Мен кәсібімнің басталу жолында маған берген теориялық және практикалық білімдері мен баға жетпес тәжірибесі үшін алғысым шексіз. Ол менен нағыз энергетик шығарды, осы сөздің тікелей мағынасында.

 

Ұрпақтардың орын басушылығы

Геннадий Александровичтің ұлы - Александр әкесінің жолымен кетті, басқаша болуы мүмкін емес еді. Оның математикаға қабілеті мен физикаға деген тартымы ерте басталды. Саша орта мектепті бітіргенде, физика мұғалімі озат оқушысына Яворск редакциясының жоғары оқу орыны студенттері үшін физика бойынша үш томдық кітапты сыйға тартты.  Осы оқулық  әлі күнге дейін Орловтардың үлкені үшін де, кішісі үшін үстел кітабы болып табылады.   Александр әкесі тәмамдаған жоғары оқу орынына барды, бүгін де «АЭҮК» АҚ өндірістік-техникалық қызметінде бастық орынбасарының міндетін атқарушы.

«АЭҮК» АҚ қоғаммен байланыс бойынша бөлімі