Келесі жылы Сергей Дубинецтің «Целинэнерго» ӨЭБ жас маман болып келгеніне 40 жыл болады. Оның 19 жылын Ақмола ААЭЖ РҚА МС бастығы лауазымында еңбек етті.
Қырық жыл ішінде Сергей Дубинец елімізде болып жатқан айтарлықтай өзгерістердің куәгері болды. Осы уақыт ішінде Қазақстан тәуелсіздік алды, ал «Целинэнерго» ЭШАУ кәсіпорыны базасында биыл өзінің 15 жылдығын атап өтетін жаңа, жас компания «Ақмола электржелілік үлестіру компаниясы» АҚ құрылды. Алайда, кәсіпорынның басты міндеті – тұтынушылар үшін сенімді әрі үзіліссіз электрмен жабдықтауды қамтамасыз ету өзгеріссіз әрқашан қалады. Өзгеріссіз қалатын Сергей Дубинецтің меншікті кәсібіне махаббаты, жұмыстың бірінші күнінен оның адалдығы қалады.
Сергей Дубинец Степняк қаласында туған (қазір – Еңбекшілдер ауданының әкімшілік ауданы). 8 сыныпты аяқтап, «Электр станциялары, желілері және жүйелері» мамандығы бойынша Щучинскй политехникалық техникумына оқуға түсті. Мамандық таңдауда оның күмәні болған жоқ – әкесі электрик болған, сондықтан да бұл салаға құштарлық балалық кезінен болған. Оқу кезінде Петропавловскіде жарты жылдық практиканы релелік емес сызықшы болып өтті. Техникумды аяқтағаннан кейін 1975 жылдан 1977 жылға дейін ол кеңестік әскерде қызмет етті. Борышын өтуге Украинаға ракеталық әскерге жіберді, алайда, әскери болу жас Сергейдің ойында да болған жоқ, ол өзін толығымен энергетикаға арнауды ұйғарды. Әскерден кейін бірден Сергей Дубинец «Целинэнергоға» релелік қорғаныс және автоматикаға электр монтер болып орналасты. Релелік қорғанысты жете ұғынып таңдау жасаған жоқ, кездейсоқ болды: «Кадрлар бөлімінде –релеліктерге бар деді мен бардым». Мамандықты ол емес, оны мамандық таңдады деп айтуға да болады. Бүгінде Сергей Дубинец көптеген нәрсеге үйреткен жақсы энергетиктер ұжымына түскеніне разы екенін еске алады, ол кезде жиынтық автоматтандыру және екінші кезектегі қосалқы станциялар мен сақиналы сызықтар жұмысына енгізу кезеңі болды. Қазір Сергей Алексеевичтің басшылығымен жас мамандар еңбек етуде, ұжымда достық жұмыс атмосферасын сақтауға және өзінің оқушыларына бай кәсіби тәжірибесін барынша беруге тырысады. «Мен біздің жас релелік мамандарға разымын, олар бәрін бірден ұғынып алады, оларға замануи компьютерленген жабдықтармен жұмыс істеу жеңіл беріледі». 39 жыл жұмысында Сергей Дубинец жаңа қосалқы станциялар мен жүйелер құрылысына, қосалқы станциялар мен жүйелер күрделі жөндеуіне, автоматтандырылған жабдықтарды енгізуге қатысты. Инвестициялық жобалар аясында жыл сайын енгізіліп жатқан замануи жабдықтар туралы ол оң пікірде: «Ол аса сенімді, аса жинақы, аса нақты». Релелік-маманның негізгі қажетті сипаты шыдамдылық пен табандылық деп санайды, өйткені релелік қорғанысты жөндеу – көптеген жағдайларды есепке алатын және нәзік еңбекті көп тілейтін жұмыс.
Сергей Алексеевичтің өмірінде жұмыс зор рөл атқарады, ең бастысы отбасы – жұбайы, екі баласы мен үш жастағы немересі. Оның ұлы мен қызының энергетикаға шамалы болса да қатысы бар, ұлы мамандығы бойынша жұмыс істемесе де энергетика факультетін бітірген, ал қызы энергетика саласында журналистикада жұмыс істейді. Бос уақытын Сергей Дубинец туғандар мен жақындарының ортасында өткізуге тырысады.
«Компания үшін мерейлі жылы инвестициялық бағдарламаларды және күрделі жөндеулерді табысты орындауға, жаңа сапалы жабдықтарды және сенімді электрмен жабдықтауды табысты орындауды тілеймін».
«АЭҮК» АҚ қоғаммен байланыс бойынша бөлімі