Сергей Вдовин Балқаш селосында дүниеге келіп, өсті. Мектепті бітіргеннен кейін Атбасар совхоз-техникумына оқуға түсті. Сосын әскер қатарына алынды. Әскерден келіп,  Балқаш НҚКинженер-электрик болып жұмысқа орналасты.

Ол «Целинэнерго» Балқаш АЭЖ ОЭБ 1993 жылы келді. Үлестіру құрылғыларының жабдықтарын жөндеу бойынша электр слесарі болып жұмысқа кірді, төрт жылдан кейін аудандық электр жүйелерінің бас инженеріне тағайындалды. Жігіт -салмақты, сауатты, мақсатқа ұмтылған және ешқандай қиындықтан қорықпайтын маман. Сонымен қатар, басшы үшін құнды сипат – мықты шаруашылық қабілетке ие.

Бас инженер жұмысының жеті жылында Сергей Вдовин аудандық электр жүйелер жұмысының барлық құрылымын бастан аяқ біліп алған. Өз жұмысын егжей-тегжей және жақсы біледі де басқалардан да соны талап етеді. Вдовинмен бір байланыста жұмыс істеу оңай емес, мұны бәрі мойындайды, ол жалқаулыққа төзбейді және ешбіріне қостау жасамайды. Өзінің қаталдығында Сергей Юрьевич бағыныштыларының проблемаларын түсінеді де жақсы біледі және қажет болса көмек те береді.

Бүгінгі күні Сергей Вдовин Сандықтау аудандық электр жүйелерінің қосалқы станция тобын құрайтын үлкен ұжымды басқарады. Топта бастық пен оның орынбасарын қоса алғанда барлығы 18 адам. Мұнда «Веселовская» және «Новоникольская» жеті кезекші қосалқы станция, электр слесарлер, газ электр дәнекерлеушілер кіреді. Әрқайсысы -  өз ісінің шебері. Топтағының ең кішісі 25 жаста, ең үлкені - 61 жаста. Үлкендер жастарға шын көңілмен көмектеседі, тәжірибелерімен және білімдерімен бөліседі. Вдовин командасының жақсы, тату, бір-бірін ешқашан ұятқа қалдырмайтынын айтады. Ал бұл ұжымда бастысы.

Өзінің білімі мен тәжірибесін Сергей Юрьевич жастарға, алғашқы кезекте энергетиканы таңдағын баласы Валерияға береді.

«АЭҮК» АҚ қоғаммен байланыс бойынша бөлімі