Танысыңыздар: Галина Михайловна Летута, Электрэнергиясының баланстары және шарттар бөлімі бастығының орынбасары, энергетикада өті 30 жылдан жоғары, соның ішінде «АЭҮК» АҚ 16 жылдан астам. Көп жылғы еңбегі үшін Ақмола облысы әкімінің Алғыс хатымен (2007 ж.) және Қазақстан Электр Энергетикасы Ассоциациясының Құрмет грамотасымен (2013 ж., 2006 ж.) марапатталған.
- Мен нақты ғылымдарға табынған отбасында өстім. Анам - Хорева Любовь Матвеевна негізі қаланған бастап Целиноград ауыл шаруашылығы институтында алдымен ауыл шаруашылығын механикаландыру, кейін электр техникалық факультетінде сабақ берді. Бұл Қазақстанның солтүстік облыстарының тың және жатқан жерлерін игеру және электрлендіру жылдары болатын. ЦАШИ бірден республиканың жетекші жоғары оқу орындарының бірі болды, оның түлектеріне сұраным үлкен болды. Бізде ғана емес, ТМД елдерінде де белгілі болған көптеген энергетиктер (Зотов, Кабаков, Маракуца, Чайников, Чернокоз, Выставкин, Кондрашов, Беляев, Кушнаренко, Исенов, Снаговский, Григоренко және т.б.) анамның студенттері болған. Сонымен, менің болашақ мамандықты таңдауым белгілі болған.
Маған гуманитарлық және нақты пәндер бірдей жақсы берілді, алайда үздік оқуға талпынбадым. Мектепте оңай оқыдым және ауыл шаруашылық институтының электр факультетіне оңай түстім. Үшінші курста Ленинград ауыл шаруашылығы институтына ауысуға мүмкіндік болып, мен Ленинградқа оқуға кеттім. Онда тұрмыс құрдым, онда үлкен ұлым туды. Жоғары оқу орынын аяқтағаннан кейін туған қалам Целиноградқа келдім және 1984 жылы «Целинэнерго» ӨЭБ келдім. Алайда таңнан кешке дейін бір орында отыра алмайтынымды түсініп, ЦАШИ электр техникалық факультетіне оқытушы болып кеттім.
Болашақ электриктер мен байланысшылар үшін базалық білім болып саналатын: Электр техниканың теориялық негіздері – ЭТН және Электр шынжырларының теориясы – ЭШТ пәндерінен сабақ бердім. Кейін «Электр машиналар мен электр материалдар», «АРҚ» пәндерін оқыттым. Күндізгі бөлімде бір немесе екі ассистентпен жұмыс істедім, ал сырттай бөлімде барлық пәндерді жалғыз жүргіздім. Әрбір сабаққа тыңғылықты дайындалдым, оқу құралдарын оқыдым, арнайы әдебиеттерді қарадым, жаңа шыққан оқу құралдарын қарадым. Кеңес заманында бәріне қолжетерліктей ғылыми-техникалық журналдар көптеп шықты. Ал «Наука и жизнь» журналы тіпті ғылымнан алыс адамдарға да қызықты болды. Иә, сол кезде халық қызығушылыққа салынып тұрып оқыды. Бүгінгі күні ешбір дайындықсыз және кез келген тақырыпқа өз пәндерімді бере алатынымды инабаттылықпен айта аламын.
Қазіргі заманғы студенттер туралы
- Уақыт өзгеруде, жастар да бүгін басқаша: мобильді, нық сенімді, ақпаратты шапшаң ұғынады. Әрине, электр техникалық факультеттің барлық студенттері өмірлерін энергетикамен байланыстырады деп ойлау қисынсыз. Әрбір топта шын мәнінде бұл қызық деген он шақты адам болады. Нақ солар курстастарына материалдарды түсіндіре алатын, қажет жағдайда сынақ та алатын оқытушының көмекшісі болады. Олар қатаң, тіпті барлық тақырып бойынша сұрағанда, көптеген студенттер сынақты оларға емес маған тапсыруға тырысатын.
«АЭҮЖ» АҚ көптеген мамандары: Александр Черепанов (Аршалы АЭЖ), Владимир Моисейкин пен Андрей Гирин (Есіл ААЭЖ), Виталий Ламонов (Ақмола ААЭЖ), Вадим Оленский (Целиноград АЭЖ), байланысшылар Михаил Мяло мен Андрей Тастоновский және компанияның орталық аппаратынан жас инженерлер Сергей Карязин, Евгений Ромащук, Нурбек Куанышбек Галина Михайловнадан оқыған.
«АЭҮК» АҚ ДжТБҚ ОҚбастығы Михаил МЯЛО:
- Галина Михайловна өте қатал оқытушы. Ол үшін басты маңызды қағида студенттердің оның пәнінен бірдеңе болса да түсінгені. Ол кісіден тіпті үштік деген бағаны жай ғана ала алмайсың. Есімде, мен бір тақырыпты түсіне алмадым, «түсінгеніме» көзі жетпегенше түсіндіріп, мені кеш батқанша ұстады.
Целиноград АЭЖ «Ақмол» жүйелік учаскенің бастығы Вадим ОЛЕНСКИЙ,:
- Галина Михайловна ЭТН бір семестр ғана оқытты. Әлі есімде, сабақты өте жақсы және түсінікті түсіндергені.
ЕсілААЭЖ директоры Андрей ГИРИН:
- Институтта «Электртехниканың теориялық негіздері» пәні бойынша екі мықты оқытушы - Галина Михайловна Летута және Борис Иванович Брательболды. Олар әрдайым ауысып отырды: мысалы, бірі дәріс оқыса, екіншісі семинарөткізеді және керісінше. Бірақ барлық студент Галина Михайловнаға баруды армандайтын, өйткені оған сабақтан кейін қымсынбай барып, одан түсінбеген материалды түсіндіріп беруді сұрауға болатын. Ол өте әдепті адам, өзінің жұмыс бастылығына қарамастан, түсінбеген тақырыпты сабырлықпен түсіндіріп бізбен қосымша сабақтар өткізді. Ал Борис Ивановичтен көптеген студенттер оның тым артық қаталдығы мен үзілді-кесілдігі үшін шынымен қорқынқырайтын. Ол жақсы оқытушы болды, егер тақырыпты түсінбесең, яғни дәрісте ақымақтық жасағансың деп есептеген.
Бүгінгі күні Галина Михайловна «АЭҮК» АҚ Электр энергиясының баланстары және шарттар бөлімі бастығының орынбасары. Қызмет бастығы Светлана Викторовна Григоренко жүз пайызға сенуге болатын сауатты әрі жоғары білікті маман деп өзінің орынбасары туралы пікірін білдірді. Сырт қарағанда ол жайлы және салмақты, алайда, егер бір нәрсемен келіспесе дауласады да соңына дейін өзінің көзқарасын жеткізеді. Бұл ретте, өзінің дұрыс еместігін мойындауға қорықпайды. Ол өз жұмысын көп қырлылығы және әртүрлі адамдармен араласу мүмкіндігі үшін жақсы көреді, әріптестерін құрметтейді және жас мамандарды олардың кәсіпті игеруіне көмектесе отырып қолдайды. Ол басқалардың жетістіктеріне шынайы қуанады.
Жұмыстан тыс Галина Михайловна кәдімгі әйел, қамқоршы ана және әже. Оның екі ұлы мен төрт немересі бар. Ұлдары отбасылық дәстүрді бұзбай, олар да энергетиктер болды. Ал немерелері болса әлі болашағы мен ертеңі бір бақытты шақта. Алайда, отбасының ең кіші өкілдерінің нақты ғылымға деген ептіліктері байқалады. Сонымен, кім біледі...
«АЭҮК» АҚ қоғаммен байланыс бойынша бөлімі