Біздің жас кадрлар
Ақмола ААЭЖ ОҚКС қызметінің бастығы Николай Киселев «АЭҮК» АҚ қызметтерінің ең жас басшысының санына жатады: ол биыл сәуірде 30 жасқа толды. Компанияда ол 2010 жылдан бері, мұнда Аграрлық университетті тәмамдағаннан кейін келді. Жұмыс орынын «Целинэнерго» ӨЭБ бері жұмыс істеп келе жатқан кадрлары және бірде бір замануи оқулықтан таппайтын білім мен тәжірибе байлығы бар АЭҮК туралы айтқан университет оқытушыларының кеңесі бойынша таңдады.
Балалық шағында Николай Киселев хирург болуды армандаған. Сандықтау ауданының Каменка селосында қарапайым отбасында туып өскен: анасы совхозда астық бойынша технолог, әкесі - электрик. Отбасында үш бала болды. Әпкесі мен ағасы Көкшетау медициналық колледжінде оқыған, ал немере әпкесі кенттік дәрігерлік амбулаториясында жұмыс істеген. Былай айтқанда, Киселев отбасында медицина туралы естіп қана білген жоқ.
Николай мектепте жақсы оқыды, белсенді әрі білім құмар болды, биология пәні бойынша аудандық олимпиадаларға қатысты және медициналық институтқа оқуға түсуге шындап дайындалды. Оныншы сыныпта аяқ астынан ауырып қалып ауруханаға түсті. Медперсоналдың жұмысын жақыннан бақылаған ол, медицина оның қолы еместігін түсінді. Әкесі ешқашан жұмыссыз қалмайтынын айтып, электрикке оқуға кеңес берді. Солай шешілді де. Николай физика мен математиканы оқуға күш салды және мектепті аяқтағаннан кейін С.Сейфуллин атындағы Аграрлық университетке құжаттарын тапсырды. Бұл туралы бірде бір рет өкінген емес.
- Институттан кейін жұмысқа қабылданған кезде асқын кернеуінен қорғау және сынау оқшаулау қызметінің (ОҚКСҚ) бастығы Никитин Николай Михайлович болды. Ол үлкен әріпті энергетик, еңбек жолын қарапайым электр монтерден бастап қызмет бастығына дейін жұмыс жасаған. Есімде, егер де бір нәрсе түсініксіз болса, тікелей Никитинге барасың, ол бәрін ретімен қойып береді де түсіндіреді. Мен одан көп нәрсені үйрендім. 2014 жылы ол қызмет бастығына мені ұсынып зейнеткерлікке шықты.
Қиын болды ма? – Әрине, қиын болды, әсіресе алғашқы жылдары. Бұрын кездеспеген көптеген мәселелер мен проблемаларды шешуге тура келді және шапшаң әрі жедел әсер ететін жағдайлар да болып тұрды. Сонда мен тез ер жеткенімді сездім.
Ақырындап тәжірибе жинадым, өзіме сенімді болдым да өздігімнен шешімдер қабылдауға қорықпауды үйрендім. Басшылық пен қызметімнің қызметкерлерінің қолдауын әрқашан сеземін. Ал Николай Михайлович Никитинмен жиі хабарласып тұрамын, ол әрқашан іскерлік кеңес беріп, көңілді көтеріп қояды.
ОҚКС қызметіміз трансформаторларды профилактикалық сынаумен, май ажыратқыштармен және үлестіру құрылғылары мен қосалқы станциялардың басқа да жабдықтарымен айналысады. Бізде майда ерітілген газдарды хроматографиялық талдауы (МЕГХТ) мен трансформаторлық майдың химиялық талдауын жүргізетін қорғаныс және химиялық құралдарды тексеруге арналған ЭТЛ-35 пен стационарлық екі жылжымалы электр зертхана бар. Берілген талдаулар арқылы трансформаторлық майдың оны газсыздандыру, кептіру талап етіле ме немесе оны толық ауыстыру жүргізу қажет пе жалпы жағдайын анықтауға болады. Сонымен қатар, біз жабдықтағы тасаланған ақауларын қысқа мерзімде айқындауға мүмкіндік беретін, мысалы, жұмыс істеп тұрған энергия жабдығының байланыс қосылуының қызуын, электр жабдықтарының жылувизиондық бақылау жүргізуге арналған құралмен жұмыс істейміз. Біз сондай-ақ, жөндеуден кейін электр жабдықтарды сынауды жүргіземіз.
Ұжымым жас, тату. Орынбасарым әрі оң қолым - Абильмансур, сөздің дәл мағынасында бәрін бірден ұғынады. Жас мамандар - Аскар, Ильяс және Санжар еңбекқор әрі өз жұмыстарына адал, энергетикалық объектілерге жиі барып тұрады, практикалық тәжірибе жинайды. Бөлімде үш қыз: Наталья құжаттарды және қорғаныс құралдарын дайындауға, химиялық зертхананың инженерлері Жанна мен Александра трансформаторлық майды сынауды жүргізеді. Тәжірибелі жүргізушілер - Серикбай мен Жумабек, олардың арқасында жылжымалы зертханамыз әрқашан қозғалыста.
Қызметіміздің қатынастары парасаттылықтан, адалдықтан және өзара құрметтен тұрады. Бәріміз жаспыз, эмоционалды ашық жандармыз. Бастысы ашықтықты жария ете білу керек (күледі). Барлық туындаған дауларды жұмыс тәртібінде сабырлы шешеміз, ымыраға әрқашан келеміз. Қиын жағдайларда бір бірімізге көмектесуге және қолдауға тырысамыз, мұнсыз ұжым ұжым емес. Тәжірибе жинақтаған жігіттер жағдайы жақсырақ әрі айлығы жоғары басқа ұйымдарға кетулері жиі болады. Өкінішті, әрине, бірақ мен оларды түсінемін және бұған сабырмен қараймын. Көптеген қызметкерлеріммен достық қатынастамын.
Басшы қандай болуы керек? – Сауатты әрі өзіне сенімді болуы керек. Әрқашан көтеріңкі көңіл күйде болу керек, бұдан ұжымда жақсы атмосфера мен қабылданған шешімдердің парасаттылығы байланысты. Мен мысалы, мен басшы ғана емес өзінің білім деңгейін ұдайы жоғарылататын, жетілдіретін инженер екенімді де ұмытпаймын.
Канат ДОСЫМОВ, Ақмола ААЭЖ бас инженері:
- Николай Киселев АААЭЖ небәрі 8 жыл, соның ішінде 4 жыл ОҚКСҚбастығының лауазымында. Бұл қысқа мерзімде ол техникалық сауатты маман және ақылды бастық (жылдар бойынша емес). Николай Михайлович Никитин өзіне лайықты орын басушыны тәрбилеген: Киселев бөлімде жұмысты дұрыс қоя білді.
Ол басқарып отырған ОҚКС қызметі ішкі демократиямен, айқын тәртібімен және бірлігімен ерекшеленеді. Барлық жігіттер техникалық сауатты және бір бірін жарты сөзден түсінетін мамандар. Оларға әлі тәжірибе жетпеуі мүмкін, бірақ бұл іс уақытта. Олар жұмыстарын жақсы көретіні маңызды және берілген тапсырмаларды сапалы әрі уақытында орындайды.