Электр энергетика дәстүрлі түрде «ер адам» саласы болып саналады. Электрик немесе диспетчер әйелді мұнда сирек кездестіресің. Бәрі бірде олар кездеседі …
Любовь Петровна Назаренко – энергетика ардагері болғандықтан ғана емес Ақкөлде белгілі тұлға. Бәрі мінезінен. Бала күнінен адал әрі алғыр, ол бүгінгі күнге дейін сондай. Екі ұлдың кішісі әрдайым тынымсыз анасына: «Бұл саған керек пе?», - деп айтса да, бұл оған қатысты емес сияқты сынай танытады. Көп жылдар бойы ол ҚС кезекші диспетчері болып істеп келеді және әлі де сергек әрі жігерлі. Өзін жұмысынсыз ойламайды, әріптестеріне көмектеседі, қол күші жұмысынан қорықпайды, диспетчерге қосалқы станцияның арам шөбін шабу, ал қыста қарын тазалау керек. Цех бойынша жолдастары, негізінен ер азаматтар оны бір беткейлігі мен қайырымдылығы үшін құрметтейді. Басшылық кәсібилігі мен жауапкершілігі үшін бағалайды және жастарды қамқорға алуға сенеді. Бүгінде ол тәжірибесін жас әріптесі Евгений Копыловқа беріп жүр және ешқандай қостау жасамайды.
Әйел адамға диспетчер болу қиын ба деген сұраққа ол ең бастысы жұмысқа деген жауапкершілік және ықыластық. Техникалық білімді де ешкім өзгерткен жоқ. Тұтынушылардың қоңырауларына, әсіресе электр энергияны сөндіргенде жиі жауап беруге тура келеді. Ұстанымды және онша ұстанымды емес, сабырлы және жүйкелері тозған әртүрлі адамдар кездеседі. Сондықтан шамалы болса да психол болып, адамға сөндіру себебін түсінікті түсіндіру керек. 90-шы жылдардың басында Кеңес Одағы тараған және экономика аралық байланыстың үзілуі кезінде электр энергия берудің маңызды үзілісі болды, диспетчерлерге телефон бойынша қоқан лоқы көрсетті, оларға шабуыл жасаған кезде болды. Міне, сонда шынымен де қиын болды. Адамдарды да түсінуге болады. Мысалы, түнгі кезекшілікке қалған дәрігер ауруға дәрі тамызып жатқанда, осы кезде жарық сөнеді? Әлбетте, қосалқы станцияға хабарласады да жарықты қосуды талап етеді. Немесе одан қиын жағдай болды, қайтқан адамның туыстары хабарласып, дұға жасауға жарық беруді сұрады. Бүгін штаттан тыс сөндірулерде электр жүйелерінің мамандары тез арада сынуды жоюға тырысады. Ал жоспарлы сөндірулер туралы тұтынушыларды жергілікті радио арқылы ескертеді.
Любовь Петровна өзі туралы айтқанда өмірде жақсы адамдармен жолы болғанын айтады. Он алты жасында Ақкөлге әпкесіне келген қыз осында бір жола қалды. Орман арасындағы көлдермен тамаша ландшафт және жергілікті адамдардың кішіпейілділігі Новоалтайдан келген қызды таң қалдырды. Климаты да алтайдікінен айырмашылығы болмады, ол қалғанына бірде бір рет өкінген емес.
Пошта тасушы болып жұмысқа кірді, өзі айтқандай ерте тұрмыс құрды.
«Целинэнерго» бірлестігіне келгенше тұрмыс комбинатында тігінші және орман өндірістік шаруашылығында бухгалтер болып жұмыс істеуге де үлгерді. Ақкөл аудандық электр жүйнлеріне ол 70-ші жылдардың басында келді. Бухгалтер-қоймашы болып жұмыс істеді, қосалқы станцияның кезекшісі орыны босағанда сонда ауысты. Кәсіби білімді 1979 жылы Ивановода Бүкіл одақтық сыртқы энергетика техникумын аяқтап алды.
Ол қарапайым ғана өмір сүрді, екі ұлды өсіріп, тәрбиеледі. Олар оның жолымен жүрмей басқа мамандықтарды таңдады. Ана үшін бастысы балалардың жеке өмірлері құрылып, немерелерінің аман-саулығы. Ертең де жаңа күн...
«АЭҮК» АҚ қоғаммен байланыс бойынша бөлімі