Сауатты және білікті маман, ашық және жақсылық тілеуші әріптес, адал дос және жолдас, - жалпы сондай жігіт! Тағы да оның әзілшілдік сезімі бар. Осылай «АЭҮК» АҚ басқарма аппаратының ӨТҚ бастығының орынбасары туралы пікір айтады. ӨТҚ бастығы Берик Каулановтың өзі жүздің бәріне сенуге болатын оның «оң» қолы деп айтады. Көтерілуге жеңіл және шығармашылық Сулейменовпен кез келген өндірістік мәселелер жедел және тиімді шешіледі.
Мектепте ол «орташа статистикалық» оқушы болды, баға артынан қумаған, мектеп пәндерінен алгебра мен геометрияны ұнатқан, физиканы жақсы көрмеген, алайда электр сымдарын немесе үтікті қымсынбай жөндеген. Көптеген ұлдар тәрізді бала кезінен техникамен дос болған, әртүрлі темірлермен машақаттануды жақсы көрген және мектепті бітіргеннен кейін құжаттарын Астанадағы ҚазАТУ механика факультетіне тапсыратынын нақты білген.
Оның еңбек жолы мамандығы бойынша табыссыз әрекеттерінен кейін «АЭҮК» АҚ Есіл АЭЖ 2005 жылы басталды. Университетті жаңа ғана бітірген, еңбек өтілі де тәжірибесі де жоқ жас маманды ешкім жұмысқа алғысы келмеді. Сонда ол қызмет саласын ауыстыруға шешті, Есіл АЭЖ 0,4-10 кВ үлестіру жүйелерін жөндеу және пайдалану бойынша электр монтер болып жұмысқа кірді. Бір жарым жылдан кейін оны Есіл мастерлік учаскенің электр монтері етіп ауыстырды. Жоғары білімі бар жас адам үшін бұл жұмыс аса қызығушылық көрсетпеді. Даурен шамалы жұмыс істеп, 4 разрядқа жетіп, жақсы еңбек жағдайын уәде еткен темір жолға кетті. Өкінішке орай уәде, уәде қалпында қалды. Ал Есіл АЭЖ бұл жігіттен уақытында сауатты және перспективалық маман екенін уақытында көрді, 2008 жылы Даурен қайтып келді де ОТБ үлестіру жүйелерінің инженері лауазымына қабылданды. Кейін АААЭЖ қауіпсіздік және еңбекті қорғау қызметінің жетекші инженері, АААЭЖ ҮЖ қызметі бастығының міндетін атқарушы, «АЭҮК» АҚ ӨТҚ жетекші инженері болып жұмыс істеді. 2014 жылдың тамызында ол «АЭҮК» АҚ ӨТҚ бастығының орынбасары болып тағайындалды да қызмет басшысы лауазымына кадрлық резерв тізіміне енгізілді.
Кәсіпті ауыстыру қиын болмады ма деген сұраққа Даурен механикалық факультетте, қазір ол техникалық факультет деп аталады, электриканың негізін беретін: «Электр техниканың теориялық негіздері» және «Электр машиналары» екі міндетті пәні бар деп айтты. Сосын ол қарапайым электр монтерден бастады емес пе, ал бұл маңызды еңбек мектебі. Сондықтан айрықша қиындықтар болған жоқ.
Бүгінгі күнге оралсақ. Қарқынды қадаммен алға жылжып келе жатқан ғылыми-техникалық өрлеуден қалып қоймау үшін біліміңді әрдайым кеңейтіп және тереңдету қажет. Бұл жағдайда Дауренде проблемалар жоқ. Қызметке деген борышы бойынша ол әрдайым техникалық әдебиеттерді оқып үйренуге тура келеді. Бұған қосқанда жыл сайын мұқият зерттеу мен мәнін түсінуді талап ететін энергетика туралы заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі. Сондықтан біліміңді жетілдіру үшін шектің жоқтығын айтып Даурен күледі.
«АЭҮК» АҚ қоғаммен байланыс бойынша бөлімі