Оның басты ерекшелігі - сенімділік
Валерий Григорьевич Байков Ақмола облысының Есіл қаласында дүниеге келген және сонда өскен. 8 сыныптан кейін достарымен Красноярск өлкесінің Подтесово селосына кеткен. Енисей жағалауындағы осы шағын кентте елдің өзендік флотына арналған орта звеноның мамандарын дайындайтын белгілі кәсіби-техникалық училище болды. Училище техникамен жабдықталған, тәжірибелі педагогикалық штатпен және өзендік флотқа еңбек сіңірген ардагерлерден техникалық оқытудың мастерлерімен жинақталған. Яғни, осында оқу өте қызықты болды. 2 және 3 курстарда өндірістікпрактика басталды да жігіттер-курсанттар қазанға дейін жаз бойы әртүрлі типтегі теплоходтарда жүзуге кетті. Жергілікті тұрғындар далада өскен балалардың жүзу білетіндеріне таң қалған.
Валерий руль-мотористке оқыды, өзінің алғашқыпрактикасын құрғақ-жүкте, келесі практикасын танкердеөтті. Осы кемелерде ол Дивногорскіден бастап Диксонғадейін жүзді. Оқу жылдары елеусіз өте шықты. Кейін әскери борышын өтеді. Ол Чехословакияда құрлықтағы (парадокс!) әскерде болды. Әскери қызметтен кейін Подтесовоға оралды да құрғақ-жүктебір кемеде жүруді атқарды, алайда, отбасылық жағдайға байланысты бәрін тастап Есілге оралуға тура келді. Қайтып оралмады. Осылай енді ғана басталған Байковтың моряк мансабы бітті. Өзендік флот кімді жоғалтқанын айту қиын, ал АЭҮК білікті релелік-инженерге ие болды.
Есілде Валерий Байков әртүрлі ұйымдарда электрик болып жұмыс істеді. Болашағын ойлап, ол 1991 жылы Атбасар совхоз-техникумының ауыл шаруашылығын электрлендіру факультетіне оқуға түсті. 1995 жылы Есіл электр жүйелері кәсіпорынына келгенде, жұмыс тәжірибесі жеткілікті салмақты маман болды. Оны релелік қызметтің инженері ретінде қабылдады, үш жылдан кейін электр техникалық қызметтің инженеріне ауыстырылды. 90-шы жылдардың соңында «KEGOC» АҚ кетті, 500 кВ - «ЕГПП» ҚС басында қызмет көрсету бойынша электр монтер, кейін кезекші инженер болып жұмыс істеді. 2007 жылы Есіл ААЭЖ релелік қорғау және автоматика қызметінің инженер лауазымына қайтып оралды. Осы кезде Қостанай инженерлік-техникалық университеттің энергетикалық факультетін сырттай тәмамдады. Ал 2013 жылы Валерий Григорьевичті РҚА қызметінің басшысы етіп тағайындалды.
Валерий БАЙКОВ:
- Релелік қорғау және автоматика қызметінің ұжымы үлкен емес, небәрі 19 жас пен одан жоғары жастағы 8 адам. Жас мамандар көп. Шынын айту керек, қазіргі түлектердің дайындық деңгейі жақсы болуды талап етеді де оларды қарапайым ғана нәрсені үйретуге тура келеді. Біз әрине, жас әріптестерімізге олар үшін жаңа жағдайға бейімделулеріне көмектесеміз, білімімізбен де тәжірибемізбен де бөлісеміз, әсіресе маңыздысы кәсіпке деген қызығушылықтарын тудыруға тырысамыз. Онсыз жақсы маман шықпайды. Жұмысымыз қауіпсіз емес, энергетика объектілеріне іссапарлармен және шығумен байланысты, және біз бір бірімізге жүз пайызға сенімді болуымыз керек. Бұл барлаудағыдай. Биыл біліктілікті жоғарылату кестесіне сәйкес біздің екі жас маманымыз «АЭҮК» АҚ оқыту орталығында оқудан өтеді.
Былтырғы жылды еске алып ЕААЭЖ қосалқы станцияларында РҚА тексеру бойынша барлық жоспарланған жұмыстарды біздің қызмет орындады. Біз МВ-35 кВ май ажыратқыштарын элегаздыққа ауыстыру бойынша жұмыстар жүргізілген кезде «Балкашинская» мен «Державинская» қосалқы станцияларында қайта жаңартуға қатыстық. Сондай-ақ, «Веселовская» қосалқы станциясында МВ-110 кВ май ажыратқыштарын жаңа ауыстыру бойынша жұмыстарға да қатыстық.
Қазіргі уақытта жоспарлы жұмыстарды орындаумен айналысып жатырмыз, аптасына бір рет ӨТҚ, ӨЭБВ және басқа техникалық әдебиетті оқу бойынша техникалық оқу жүргіземіз. Техникалық оқуға барлық аудандардың релелік пен байланысшыларын шақырамыз. Қосалқы станцияларда орналастырылып жатқан жаңа жабдықтарға құжаттамаларды оқуға аса назар аударамыз. Көктемді күтіп отырмыз және дала жұмыстарына ақырындап дайындалудамыз...
Әдепті, қайырымды, көмектесуден ешқашан бас тартпайтын жан – дейді ол туралы әріптес-әйелдер. Ауыр мінезді және парасатты, аяқ асты ештеңе істемейді – бұл басшылықтың пікірі.
Валерий Григорьевич көп сөзді және құр уәделерді жақсы көрмейді, шешімдерді ойлап әрі таразылап қабылдайды. Егер өзінің дұрыстығын сезсе, өз пікірін негізді және аргументті түрде қорғайды. Онымен бір рет болса да іссапарға барғандар қандай жағдай болса да тіпті дала жағдайында барынша жайлы жасауға тырысып Байков өзін-өзі ұстай біледі. Жалпы айтқанда онымен сенімді және жайлы.
Сыртқы тұйықтығына қарамастан, Валерий Григорьевич жеңіл және жақсы қалжың мінезді адам. Сонымен қатар, әуесқой балықшы. Балық аулау оған еңбек аптасынан кейін демалуға, моралдық және физикалық қалпына келуге көмектеседі. Жақсы балық аулауды іздеуде Валерий Григорьевич достарымен бар маңды шаңшып шықты және табиғатпен біртұтастықты сезініп қармақпен тыныш отыратын орындарды біледі. Балықсыз үйге қайту әлі болған емес. Кішкентай болса да әкеледі. Мысықтарға болса да деп күліп қояды,- Валерий Григорьевич. Шын балықшылар алақаннан кіші балықшаны балық деп есептемейді екен. Былтыр жазда әріптесі Александр Куртеевпен бірге үлкен шортанды ұстады және шортанмен бірге түскен фотосуретін «Одноклассник» сайтына салды. Бұл бірдеңе болды!
Валерий Григорьевичтың жұбайы Наталья Борисовна - медқызметкер, олар бірге өсті және әке жолын қуған екі баланы тәрбиеледі. Қызы Александра Қостанайда тұрады және жұмыс істейді. Онда ол энергетика факультетін тәмамдаған және қазір «Межрегионэнерготранзит» АҚ ӨТҚ қызметі бастығының орынбасары лауазымында жұмыс атқарады. Ұлы Ресейге кеткен, жылжымалы темір жол көлігінің КИП жұмыс істейді.
Солай, ұрпақтардың орын басушылығы айғақ.
«АЭҮК» АҚ қоғаммен байланыс бойынша бөлімі