Шашының қысқалығы, қатаң костюмі, шапшаң жүрісі – бәрі оның ер мінезді қатал «темір ханым» бейнесін көрсетеді. Бірақ ханым тіптен темір... болмай шықты. Бұл жағдай сырт келбеттің алдамыш екенін білдіреді. Шын мәнінде бұл нәзік жан, өте өнегелі де бұқарашыл адам. Ол нәзік әрі ұялшақтау, әзілшілдік сезімге ие және сонымен қатар үлкен оптимист.
Оның іскерлік қасиетіне қатысты Үлестіру бойынша Бас директордың орынбасары Василий Петрович Чернокоз былай деді: «Светлана Викторовна Григоренко сауатты және құзыретті маман ғана емес. Ол тым шапшаң, жағдайды тез бағалауға қабілетті және жұмысымыздағы маңызы зор шешімдерді тез қабылдайды. Әріптестерімен және іскер серіктестерімен араласқанда ол мәселенің немесе проблеманың мәнісін жеткізе әрі артық сөзсіз нақты түсіндере алады».
Светлана Григоренконың алғаш рет «Целинэнерго» ӨЭБ табалдырығын аттағанына 30 жылдан асыпты. Ол Целиноград ауыл шаруашылығы институтының ауыл шаруашылығына электр беру факультетін бітірген соң бірден жастай кезінде келді. Кеңес уақытында «Целинэнерго» бірлестігі Целиноградтың жетекші қала құрушы кәсіпорынының бірі болып, бұл жерде жұмыс істеу беделді болды.
Аса салмақты, өте жақсы математикалық білімімен, энергия есебінде жақсы бағыт-бағдары бар қызға әріптестері мен бастықтары бірден көңіл бөлді. Екі жылдан кейін оны шығындар бойынша диспетчер қызметінің инженері, ал тағы бір жылдан кейін өткізу бөлімінің инженері болып тағайындалды. 1997 жылы Светлана Викторовна жетекші инженер болды, ал 2003 жылдан «АЭҮК» АҚ Электр энергияның баланстары мен шарттар қызметін басқарады.
Өзінің жұмыс бастылығына қарамастын, Светлана Викторовна біздің сұрақтарымызға жауап беруге келісті.
- Светлана Викторовна, ер азаматтың мамандығын өзіңіз таңдадыңыз ба?
- Мамандықты әрине, өзім таңдадым. Анам Лидия Кузьминична «Целинэнерго» ӨЭБ кадрлар бөлімінде жұмыс істегені де нақты рөл ойнады және мен балалық шағымнан энергетика дегеніміз не екенін білдім. Физика-математикаға бейімделген мектепте оқыдым, өз пәнін жақсы көре білген керемет физика мұғалімі болды. Математика маған жеңіл берілді, сондықтан балама болуы мүмкін еместін, ЦАШИ электр беру факультетіне құжаттарымды тапсырдым.
- Ал алғашқы жұмыс күніңіз есіңізде ме?
- Менің алғашқы жұмыс күнім «калейдоскоптағыдай» өте маңызды өтті, бәрі жай сол мезетте күрделі де болды, бәрін де бірден білгім келді. Кейін бәрі өз уақытында болатынын түсіндім.
- Институттан кейін қиын болды ма?
- Жоқ, мен өте жақсы әрі кәсіби ұжымға түстім.
- Жұмыс жылдары мамандықты дұрыс таңдағаныңызды түсіндіңіз бе?
- Иә. Мен жұмыс істей де білетін, жаңаны үйренетін де, жаңа идеялардың бастаушылары болатын да нағыз энергетиктер ұжымына түскенімді түсіндім.
- Басқа мамандық алуды және солай өміріңізді өзгертуді ешқашан ойламадыңыз ба?
- Кейде өмірімді өзгерткім келетін, бірақ мамандығымды емес.
- Бірінші әріптестеріңіз есіңізде ме?
- Әрине. Ерешко В.И., Лепихина Л.С., Железчикова Г.Н., Казыбаев К.У. және тағы басқалары.
- Сіздің тәлімгеріңіз, кәсіби жоспарда көп нәрсеге үйреткен ұстазыңыз?
- Бұл диспетчер қызметінде жұмыс істеген Железчикова Галина Николаевна. Ол бәрін шыдамдылықпен әрі түсінікті түсіндіретін. Мысалы, кәсіпорын жүйелері жұмысының тәртібі туралы немесе сол кезде электр энергиясының нормативтік шығынының есебі үшін жаңа бағдарламаны іске қосуға дайындалғанын айтуға болады, ол RPOT деп аталды. Галина Николаевна осы бағдарламада жұмыс істеуді үйретті.
- Сол кезде берілген ең жақсы кеңес?
- «Бірдене істемес бұрын, ойлану қажет».
- Күрделі жағдайларда дұрыс шешім қабылдауға не көмектеседі?
- Ішкі сенім, яғни бірінші кезекте дұрыс шешім қабылдағанынды өзіңді сендіру керек.
- Қалай санайсыз, кемшіліктеріңіз бар ма?
- Кемшілік әр адамда бар. Маған, мысалы, «жоқ» деп айту тым қиын. Егер мен айтсам, іс жүзінде мені сендіру мүмкін емес, яғни бір қынырлық пайда болады, мүмкін менің зодиак белгім бе екен (Торпақ).
- Сіз үшін өмірде не басты?
- Жақындарым мен достарымның денсаулығы және берекелілігі.
- Болашақтан нені күтесіз?
- Болашақта ең басты - бұл Жер шарында ашық аспан, балаларымыз бен немерелеріміздің денсаулықтары мен бақыттары. Ал өзімнің жеке басыма - әрдайым өзін-өзі жетілдіру және шын жүректен тұрақтылық.
- Сіздің девизіңіз немесе өмірлік ұстанымыңыз?
- «Жақсылық жаса, ол саған айналып келеді».
- Осылай жақсы көрініп жүруіңізге не көмектеседі? Тренажер залына немесе фитнес-клубқа барасыз ба?
- Тренажерзалына бармаймын, егер уақытым болса бассейнге барамын. Қала бойынша жаяу жүргенді жақсы көремін. Тек жақсы көңіл-күй мен оптимизм ғана жақсы көрінуге көмектеседі деп санаймын.
- Бос уақытыңызда немен айналысқанды жақсы көресіз?
- Тоқығанды жақсы көремін.
- Теледидарға қалай қарайсыз?
- Ақпарат көзі ретінде. Жақсы кітап оқып отырғанды қалаймын, классикалық детективті жақсы көремін, Конан Дойлиді, Сомерсет Моэмді әрдайым қайталап оқимын. Қызымның арқасында екі жыл бұрын норвегия жазушысы Ю. Несбёні оқи бастадым.
- Қызыңыз сіздердің жолдарыңызбен жүр. Онда анасының немесе әкесінің мінезі?
- Өзінің меншікті мінезі деп ойлаймын, өйткені әр адам дара.
Светлана Викторовнаның кіші қызы Дарья анасының жолын қуды, «Өндірістік кәсіпорындарды электрмен жабдықтау» мамандығын таңдап ҚазАТУ энергетика факультетін тәмамдады. Ол «ПроектЭнергоСтрой» ЖКБ инженер болып жұмыс істейді, 10/0,4 кВ сызықтарын жобалайды. Ұрпақтардың орын басуы айғақ.
Жұмыстан тыс анаң қандай деген сұраққа, Даша: «Әлемдегі ең жақсы ана, және мен оны өте жақсы көремін!», - деп жауап берді.
Светлана Викторовнаны, оның анасы Лидия Кузьминичнаны және қызы Дарьяны Энергетик күнімен және «АЭҮК» АҚ мерейтоймен құттықтаймыз. Денсаулық, береке және бар жақсылықты тілейміз!
«АЭҮК» АҚ қоғаммен байланыс бойынша бөлімі