Болат Исенов - Қазақстан Республикасының құрметті энергетигі, Компанияда «Целинэнерго» уақытынан бері жұмыс істеп келеді. 42 жылда ол электр энергетикасы қызметінің әртүрлі саласында жұмыс істеп көрді. Қазір - Пайдалану бойынша бас инженердің орынбасары.
Болат Исенов – түпкілікті астаналық. Ол 1953 жылы Ақмолада қойма меңгерушісі мен оқытушы отбасында дүниеге келген. 6 ағайындының үшіншісі болып өсті. 1970 жылы 10 сыныпты бітірді және Ауыл шаруашылық институтының ауыл шаруашылықты электрлендіру факультетіне (қазіргі Қазақ агротехникалық университет) оқуға түсті.Энергетика мамандығын таңдауға «Целинэнергода» жұмыс істеп жүрген ағасы кеңес берді. Ол інісінің физиканы жақсы меңгергенін байқап, өзін энергетикада табады деп шешті. Қателеспеді де. Болат Аскарович өз таңдауына бір күн де өкінбегенін айтты. Оқу жасстудентке өте ұнады және жақсы оқыды. Дипломын алып, ол «Целинэнергоға» жұмысқа орналасты. Түлекпен әңгімелесуді осы ірі кәсіпорынның бірінші басқарушысы Вениамин Левинжүргізді. Болат Аскарович «Целинэнерго» басшысы Вениамин Моисеевичпен Ауыл шаруашылық институтының студенттері үшін электрмен жабдықтау бойынша сабақ бергеннен бері танитынын айтты. «Ол студенттермен және қызметкерлермен әрдайымсыпайы болды», - деп бас инженердің орынбасары еске алады.
Бірінші жұмыс орынында– жаңа ғана оқып шыққан маман найзағайдан қорғау және оқшаулау қызметінде 2 жыл жұмыс істеді. Жас инженердің ынтасы мен қарым-қатынас қабілетін ескеріп,басшылық оған Целиноград қаласының энергетиктер мен электрификаторлар комсомол комитетінің бос хатшысы рөлінде өзін байқауды ұсынды. Ол келісті, тез арада оны лауазымға сайлады. Сол кезеңде республикалық-комсомол жастар құрылысы жарияланып, ТЭО-2 масшабты құрылысы басталған болатын. Мұнда Қазақстанның барлық өңірлерінен шамасы 500 адам келді. Болат Исеновжас қызметкерлердің еңбек және қоғамдық өмірлеріне бағыт беруші болды. Қоғамдық жұмыста өзін жүріп, ол инженердің жұмысы өзіне жақын екенін түсінді, бірнеше жылдан кейінселолық электрлендіру қызметіне «Целинэнергоға» қайтып келді. Тағы екі жылдан кейін ол Целиноград электр жүйелері кәсіпорыны үлестіру жүйелері қызметінің өндірісіне ауысты. «Бұл 1981 жыл болатын, - дейді Болат Аскарович, - ол кезде қызмет бастығы Владимир Баранов болды. Мен ондаинженер, кейін ағаинженерболдым». Болат Аскарович сондай-ақ, сенімділік және техника қауіпсіздігі қызметінде, сосынкоммерциялық-диспетчерлік қызметте, «АЭҮК»ӨТҚбастығының орынбасары болды. Оның басшылығымен Ақмола ААЭЖ үлестіру жүйесінің қызметі қайта жанданды. 2008 жылыБолат Аскарович «АЭҮК»АҚ ҚжЕҚ басқарды, ал2013 жылдан Пайдалану бойынша бас инженердің орынбасары болып қызмет етіп келеді.
- Мамандықта бәрінен бұрын біз маңызды және айрықша жасайтын істерді сезіну ұнайды. Энергетиктер сондай-ақ, дәрігерлер, мұғалімдер және құрылысшылар тәрізді маңызды. Компанияда өткізген жылдардағы кәсіпорынның проблемалары мен жетістіктері маған өте жақын. Мен үшін үлкен көрсеткіш электр жүйелерін қайта жаңарту салдарынан апаттық сөндірулер санының төмендеуі болып табылады. Персонал жазда жөндеу сапалы орындалса, онда күз-қыс кезеңінде сөндірулер аз болатынын түсінеді. Біздің инженерлердің әрқайсысына көнерген, тозған жүйелерді жаңасына ауыстырғанда қанағаттану сезімі таныс деп ойлаймын.
Болат Аскарович салауатты өмірді құптайды. Жастық шағындабокспен айналысқан, спортмастерінің кандидаты болды. Облыс құрамасында болған. 1972 жылы Қазақстанның республикалық жастар біріншілігінде қола жүлдеге ие болған.
Болат Аскарович 23 жасында үйленген. Жұбайының есімі Бахыт Касымовна. Олар некеде 41 жыл. Бахыт Касымовна да «АЭҮК» АҚ, оған дейін Ақмола ААЭЖ жұмыс істеген. Олардың Асел және Асемдеген екі қызы бар. Екеуі де Астанада тұрады. Үлкен қызы – дәрігер, медицина ғылымының кандидаты. Кіші қызы ата-ананың жолын қуып, электрфакультетін тәмамдаған, отын-энергетика кешені саласында жұмыс істейді. Исеновтер жұбында екі немере – ұл мен қыз бар. Бос уақыттарын олар немерелерімен, туғандарымен және жақындарымен өткізуге тырысады.
«АЭҮК» АҚ қоғаммен байланыс бойынша бөлімі