Онымен таныстардың бәрі білікті маман ғана емес сауатты басшы, мықты отбасы, сенімді серіктес және жай ғана қарапайым адам деп айтады. Дұрысы көп сөйлемейтін, үндемейтін адам. Жұмыста қазымырлыққа дейін мұқият, жалқаулық пен еріншекті жек көреді. Мастерлік учаскелік сызықтарда болғанда бәрін жете қарап шығады, бұрыш-бұрыштарға көз салады. Мүлт кеткен немесе атқарылмаған жұмыстары үшін кісілердің көзінше ескерту жасап жатпайды, кабинетіне шақырып алып  айтады.

Мұның бәрі Қорғалжын аудандық электр жүйелерінің бастығы Валихан Зулханулы Бейсембеков туралы көп айтуға болады. 

Ол Қорғалжын ауданының аудандық орталығы Қорғалжын кентінде дүниеге келген. Ол ауданда ең үздік саналған мектептің бірі әрі жақсы білім ордасы №1 орта мектепте оқыған. Валихан физика мен математиканы жақсы көрді, алайда, басқа ер балалардай негізінен үш пен төртке оқыды. 1977 жылы мектепті бітіріп, «Энергетика желілері және жүйелері» мамандығын таңдап Алматы энергетика институтына оқуға түсті. Ол жақсы студент болды да үлкен үміт күттірген болатын. Бесінші  курста  диплом жетекшісі болған «Сельэнергопроект» МЖИ перспективалық дамыту бөлімінің бастығы студенттен болашақ маманды көрген. Ол оны институтты аяқтағаннан кейін жобалық институтқа шақырған болатын. Бірақ, ауыр отбасылық жағдайына байланысты ол Алматыда қала алмады.

Ол жолдама бойынша Қорғалжын АЭЖ үлестіру жүйелерінің мастер-тағылымдама өтуші болып «Целинэнерго» ӨЭБ орналасты. Жарты жылдан кейін әскер қатарына алынды. Борышын өтеп келіп, өзінің кәсіпорынына оралды да «Целинэнерго» ӨЭБ қосалқы станциясы тобының мастері болды. 1986 жылы ақпанда Валихан Бейсембеков аудандық электр жүйелері бастығының міндетін атқарушы болып тағайындалды, 1986 жылдың қарашасында АЭЖ басқарды.  

Содан бері отыз жыл өтті. Бүгінде Қорғалжын аудандық электр жүйелері Ақмола ААЭЖ кәсіпорындарының тізбегінде маңызды звено. Валихан Зулханулы басқарып отырған ұжым алдарына қойылған өндірістік міндеттерді табысты әрі мерзімінде орындап келеді.

Міне, ағымдағы жылда да Қорғалжын АЭЖ энергетика объектілерінде жұмыстардың үлкен көлемі орындалды. Көп жылдық жоспар-кестеге сәйкес «Кумгуль» 35/10 кВ ҚС және «Уркендеу» 35/10 кВ ҚС технологиялық карталарға сәйкес жоғары вольтты сынау, сынаудан өтпеген жабдықтарды жөндеу мен жабдықтарды ауыстыру, майлау жұмыстары, аумақтарды абаттандыру сияқты жұмыстардың бар кешенін орындау барысында күрделі жөндеу жүргізілді. Инвестициялық бағдарлама аясында «Жантеке» 110/35/10 кВ ҚС 30 жыл шамасында қызмет көрсеткен ВМТ-110 кВ май ажыратқыш бөлшектелді және ЭВ-110 кВ элегаздық ажыратқышқа ауыстыру барысында жабдықтарға қайта жаңарту жүргізілді.

Осы ретте, Қорғалжын АЭЖ ұзақ жылдар бойы мамандардың жетіспеушілігі болғанын атап өту керек. Болашақтары болмаған соң жастар селода қалғылары келмейді. Әсіресе, электр монтерлер тұрақтамады: адамды қарапайым емес кәсіпке дайындап, үйретіп үлгермейсін де Астана құрылысының біріне электрик болып жұмысқа орналасу үшін жұмыстан босатылып кетеді.

Бүгінгі күні кадрлармен проблема шешілді, МУС барлық штаты толығымен жасақталды. Мұның неге тұрғанын АЭЖ бастығының өзі және университте оқып жүргеннен Валихан Зулханулы өзіне орынбасар етіп дайындаған оң қолы – бас инженер Аргын Беспаев қана  біледі. Кадрлар туралы мәселе қозғалғанда Валихан Зулханулы лауазымдық міндеттемелерін шамамен орындайтын жақсы мамандар жеткілікті, ал кәсібіне ынталы, жақсы көретіндер бірен саран деп айтады. АЭЖ бастығының өзінің төрт ұлының екеуі әке жолымен астаналық басқару колледжінің энергетика факультетін тәмамдап, қазір де «АЭҮК» АҚ әртүрлі бөлімшелерінде жұмыс істеп жүр. Бұл дегенін әулет ісінің жалғасы.

Валихан Зулханулы өзі туып өскен өлкені бар тәнімен жақсы көреді. Ол оның тарихын жақсы біледі, Қорғалжын қорығы бойынша шашыраңқы жатқан әрбір көлі туралы айта алады. Достарымен жиі балық аулауға, кейде аңшылыққа да барады. Валихан Зулханулы тамаша ән салады және гитарада ойнайды. Осы өнерімен сонау 1988 жылы болашақ жұбайы Бибигульдің жүрегін де жаулап алған. Бибигуль Нуржановнамен бірге олар төрт ұлды өсірді және тәрбиеледі. Олардың үш немересі бар.

Адал еңбегі үшін Валихан Зулханулы ҚР Құрметті және Еңбегі сіңген атақтарына ие болған, ТМД Электр энергетика Ассоциациясының, Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің, Ақмола облысы әкімдігінің Құрмет грамоталарымен марапатталды.

«АЭҮК» АҚ қоғаммен байланыс бойынша бөлімі