Астана қаласы мен Ақмола облысының сегіз оқу орны өкілдері «Ақмола электржелілік үлестіру компаниясы» АҚ-мен («АЭҮК» АҚ) Жас мамандарды қолдау жүйесі бойынша бағдарлама шеңберінде әлеуметтік серіктестік туралы шарт жасасты. Серіктестік ЖОО-дағы оқуды өндірісте тәжірибелік машықтарды иеленумен үйлестіруге мүмкіндік беретін дуальді білім беру қағидаттарына негізделген.