Қалыптасқан дәстүр  бойынша «АЭҮК» АҚ өкілдері Қазақ агротехникалық университеті энергетика факультетінің бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне қатысты.

Ағымдағы жылдың бос жұмыс орындары жәрмеңкесінде мемлекеттік және жеке құрылымдардан «Транстелеком» және «Астанателеком», Үкіметтік байланыс қызметі, «Армада СВ», Астана электротехникалық зауыты, «Patentes Talgo» және өзге де компаниялардан құралған 15 ұйым мен кәсіпорын қатысты.  

Іс-шара басталмас бұрын Энергетика факультетінің деканы Султанбек Исенов өз құттықтау сөзін білдірді. Факультет тарихы жөнінде хабар беріп, университет қабырғасына кішігірім экскурсия жүргізді. Биыл энергетика факультетінің дипломдары экономиканың әртүрлі саласы құшақ жая күтіп отырған 348 маманға табысталатын болады. Аталмыш жәрмеңке түлектердің өздері қызығатын бос қызмет орындары жайлы қажетті ақпаратқа қол жеткізуі үшін арналған. Ал жұмыс берушілер, өз кезегінде, өздерінде бар бос қызметтік орындарға қатысты кандидаттардың іскерлік сапаларын бағалау мүмкіндігіне ие болады. Және түлектердің кейбірінің болашақтағы жұмыс орнының осы сәтте анықталуы әбден мүмкін.

Жәрмеңкеге факультеттің әрбір курсынан екі жүзден аса студент қатысты. Бұл студенттердің өз болашақтары жайлы университеттегі бірінші жылдан бастап ойланатындығын айғақтайды. Әлеуетті жұмыс берушілермен қарым-қатынас жасау негізінде қойылған сұрақтар жұмыс шарттары, жалақы және баспанамен қамту секілді аяларды ғана қамтымады. Жастарды спорт пен демалыс үшін қажетті жағдайдың, ғаламторға ақылы рұқсаттың болуы және т.б. сұрақтар қызықтыра білді. Ал сәуір айында өндірістік практикасы басталатын «Энергетикалық менеджмент» бөлімінің үшінші курс студенттерін бүгінгі күні «Практиканы қайдан өтсем болады?» деген сұрақ көбірек толғандырады. «Энергетикалық менеджмент» – 2012 жылы энергетика саласы басшыларын дайындайтын жаңадан ашылған бөлім.

Қорытындылай келе, Султанбек Исенов жас мамандарды даярлау бойынша өзара ортақтаса жасалатын шаралардың маңыздылығын ерекшелей келе, ЖОО-ның бейінді кәсіпорындармен серіктестігінің кеңейе түсетіндігіне сенім білдірді.

«АЭҮК» АҚ және ҚазАТУ ұзақмерзімді негізде қызмет етіп келе жатқандығын айтып өту керек.2013-2015 жылдар аралығында Компанияда университеттің 21 түлегі жұмыспен қамтылды, ағымдағы жылы «АЭҮК» АҚ бөлімшелерінде энергетика факультетінің он студенті өндірістік практикадан өтеді. 

«АЭҮК» АҚ қоғаммен байланыс бойынша бөлімі