Ақмола облысы «АЭҮК» АҚ энергетика объектілерінде жөндеу кампаниясы басталды. Жұмыс кезеңінде тұтынушыларды электрмен жабдықтау шектеулі болады. Компания алдағы жөндеу жұмыстары туралы аудандық және кенттік әкімшіліктерге, селолық әкімдіктерге күні бұрын хабарлайды. Қоғамдық орындарда (дүкендерде, оқу-білім беру және бала бақшаға дейінгі мекемелерде) Жөндеу жұмыстары мен электр энергияны сөндіру кестесі туралы ақпаратпен хабарландыру ілініп қойылады.

Қазіргі кезеңде 10-0,4 кВ және ЖТҚС-10 кВ үлестіру желілерінің ағымдағы және күрделі жөндеу Целиноград, Аршалы, Жақсы, Есіл, Жарқайын және Сандықтау аудандарның елді мекендерінің бір қатарында жүргізілуде.

«АЭҮК» АҚ қоғаммен байланыс бойынша бөлімі