«АЭҮК» АҚ  Владимир Августинович Барановты құттықтады: Компанияның басшылығы мен әріптестері энергетика ардагерін 70 жылдық мерейтойымен жылы құттықтап, мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр және жақсылық тіледі.  

«АЭҮК» АҚ Бас директоры Наиль Камылович Сайфуллин өзінің құттықтау сөзінде Владимир Августиновичтің кәсіпорын мен саланың дамуына қосқан айтарлықтай үлесін атап өтті. Компания басшысы ардагерге кәсібилігі, құзыреттілігі мен сарқылмас энергиясы үшін алғыс сөздерімен Құттықтау хатын тапсырды.

Владимир Августинович  Баранов Ақмола облысының энергия жүйесінде 50 жылдан астам жұмыс атқарып келеді. Энергетик еңбек жолын МУС мастерінен бастап, «Целинэнерго» ӨЭБ техникалық департаментінің басшысына дейін,  кейін «АЭҮК» АҚ техникалық кеңесшісі болып атқарып жүр.

Ардагер бүгін де қатарымызда, өзінің тәжірибесі мен білімін жастарға беруде. Кәсіби ортада оны техникалық қауіпсіздік және еңбекті қорғау мәселелерінде жоғары деңгейдегі маман ретінде біледі, сондықтан да бүгін де ол электр жабдықтарының ережелері мен нұсқаулықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша жұмыстарға қатысады.  

Өзінің еңбек қызметі жолында Владимир Августинович Баранов  «ҚР Құрметті  энергетигі», «ҚР Еңбегі сіңген энергетигі», «ТМД Еңбегі сіңген энергетигі» атақтарына ие болған ардагер.