«Ақмола ЭҮК» АҚ бөлімшелерінде 0,4-10 кВ үлестіру желілері, ЖТҚС-10/0,4 кВ, 35 кВ және одан жоғары қосалқы станциялар, 35-110 кВ электр беру сызықтары энергетика объектілерін күрделі жөндеу және қайта жаңарту бойынша жұмыстар басталды. Алдын ала барлық ААЭЖ және АЭЖ үлкен дайындық жұмысы жүргізілді, 110 жөндеу бригадасы аттестациядан өтті. Олардың бәрі арнайы киіммен, қорғау құралдарымен және құрылғылармен жабдықталды, білікті персоналмен және арнайы техникамен жасақталды.  0,4-10 кВүлестіру желілерінде қызмет көрсететін сызықтық бригадалардың кәсіби жарыстары өткізілді.

Бүгінгі таңда Целиноградауданы Қабанбай батыр және Қажымұқан, Аршалы ауданы Жібек жолы, Аршалы және Жалтыркөл кенттерінде, сонымен қатар Макинск, Атбасар және Ақкөл қалаларында 0,4-10 кВ үлестіру желілерін қайта жаңарту бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. Мұнда ағаш тірегін ЭБС темір-бетон тірегіне ауыстыру және жалаңаш сымды АОС ауыстыру бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары орындалуда. Ақмола облысы бойынша жылдың аяғына дейін жалпы ұзындығы 72,24 кмжеліні және 22 жиынтық транформаторлық қосалқы станцияларды (ЖТҚС) қайта жаңарту болжаланып отыр.  

Барлық АЭЖ 0,4-10 кВ үлестіру желілерінің жабдықтарын күрделі жөндеу бойынша жұмыстар жалғасуда. Сандықтауауданының «Дорогино – Васильевка» АС 35 кВ тас жолында ұзындығы 23 километрден жоғары АС сымын ауыстыру жұмыстары жүргізілуде.  

Қайта жаңарту бойынша жұмыстар қосалқы станцияларда да жүргізілуде. Сонымен, «Ақкөл» 35/10 кВ ҚС және «Ерейментау» 110/35/6 кВ ҚС РҚА микропроцессорлық блоктармен жабдықталған қосалқы станцияның атқаруын 35 кВ «Реклоузерлер» вакуумын 35 кВ май ажыратқыштарына ауыстыру жүргізілуде. «Ақкөл» ҚС бұдан басқа  10 кВ ұяшықтары ауыстырылатын болады және БЖҚСП ғимаратына жөндеу жүргізілетін болады. «Ерейментау» ҚС ЖДТ орын-жайымен БЖҚСП ғимаратының сыртқы және ішкі жөндеу орындалатын болады.   

«Вишневка» 110/35/10 кВ ҚС 10 кВ ұяшықты ауыстыру тұр, қазір мұнда уақытша КРУН-10 кВ орнату және олардан тұтынушылардың тұтынуы дайындық жұмыстары жүргізілуде. Сыртқы қабырғаларын металлосайдингпен қаптап және ішкі жөндеумен жабынын ауыстырумен БЖҚСП ғимаратын жөндеу де жүргізілетін болады.

«Қоянды» 35/10 кВ, «Мичурино» және «Дамса» 110/10 кВ қосалқы станцияларында 10 кВ ұяшық ауыстырылатын болады және блоктік-модулдық ғимарат жөнделетін болады. 10 кВ ұяшық тұтынушылардың электрмен жабдықталуын жоғарылататын РҚА вакуумдық ажыратқыштармен және  микропроцессорлық блоктармен жабдықталатын болады.

 «АЭҮК» АҚ қоғаммен байланыс бойынша бөлімі