«Бала көзімен еңбекті қорғау» тақырыбына балалар шығармашылығы конкурсының жеңімпаздары анықталды. Конкурс Бүкіләлемдік еңбекті қорғау күні аясында, сонымен қатар, еңбек процессі қауіпсіздігіне «АЭҮК» АҚ персоналының саналы қатынасын жоғарылату мақсатында өтті. Қатысушылардың жас санаты 6 жастан 12 жас аралығында болды,  сондықтан конкурсқа мектеп жасындағылар ғана емес мектепке дейінгі балалар да қатысты.

Конкурс үш жыл қатарынан өткізіліп отыр, биыл қатысушылар саны арта түскен, ал құзыретті қазылар алқасы таңдау міндетті қиынға соқты. Әрбір жұмыс жанымен әрі шығармашылықпен орындалғанын атап өту керек.  Бұл бала көзімен еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі әлемі өте ашық та әртүрлі. Барлығы алты жүлделі орын бөлінді. 6 жастан 9 жасты қоса алғандағы жас санатында - I орын – Яльницкая Алина, 8 жас, Атбасар АЭЖ; II орын – Власенко Роман, 6 жас, Жақсы АЭЖ; III орын – Титов Степан, 4 жас, Аршалы АЭЖ. 9 жастан 12 жасты қоса алғандағы жас санатында - I орын – Иманалиева Айжан мен Бектен Нураия, 10 мен 12 жас, Қорғалжын АЭЖ; II орын – Кошлатый Никита, 12 жас, Есіл АЭЖ; III орын – Малык Яна, 10 жас, Ақкөл АЭЖ. Көрермендер жанашырларының сыйлығы  - Тищенко Влад, 8 жас, Целиноград АЭЖ. «Шығармашылық тәсіл» номинациясы сыйлығы Таисия Кудрявцеваға , 10 жас, Степногорск ААЭЖ.

«АЭҮК» АҚ қауіпсіздік және еңбекті қорғау бойынша бағдарлама мен жоспарларды орындауға белсенді қатысқан, сонымен қатар, жұмыс орынында қауіпсіздік талаптарын жақсарту бойынша негізделген ұсыныстар енгізген үздік қызметкерлер марапатталды.  Марапатқа төрт қызметкер  ие болды: Амрин А.К. – Қорғалжын АЭЖ Арықты МУС электр монтері, Пушкарев А.И. – Есіл ААЭЖ Ярославка МУС мастері, Гончаров И.И. – Ақкөл АЭЖ МУС мастері, Чернышов Е.В. - Степногорск ААЭЖ қосалқы станциялар қызметінің бастығы. Ерекшеленген қызметкерлер құрмет грамоталарымен және көтермелеу сыйлықтар – сыйлық сертификаттарымен марапатталды.