«АЭҮК» АҚ тенисшілері  «Самрұқ» стол теннисінің  ашық бірыңғай лигасының 2015 жылғы маусымынан  2-орын алды.

 Назарбаев Университетінің спорт орталығында «Самрұқ» стол теннисінің бірыңғай лигасының қорытынды кезеңі аяқталды. Жарысқа ұлттық және жекеменшік компаниялардың, мемлекеттік мекемелердің, жоғары оқу орындарының және денешынықтыру-спорт қоғамдарының командалары қатысты. Былтырғы жылғы турнирге барлығы 9 команда қатысқан болса, ал биылғы жылы жүлделі орын үшін 18 команда күресті. Нәтижесінде «Ерсул және К» ЖШС командасы бірінші орынды, «Ақмола ҮЭК» АҚ командасы екінші орынды иеленді, ал қола жүлдені «ҚазМұнайГаз. ПМ» командасы алды.