Астаналықкөлік және коммуникация колледжі мен кәсіптік-техникалықколледжі студенттері «АЭҮК» АҚ жедел-жөндеу бригадаларының арасындағы кәсіби шеберлік жарыстарына куә болудың оңтайлы мүмкіндігіне ие болды. Бұл оқу орындары мен энергетикалық компания арасында жасалған әлеуметтік серіктестік туралы келісім арқасында мүмкін болды.

Экскурсия Қабанбай батыр ауылына барудан басталды. Бас директордың кеңесшісі  Владимир Баранов гид болу жауапкершілігін өз мойнына ала отыра, студенттерге компания туралы хабар беріп, полигон жанында орналасқан «Роджественка» 110-35-10 кВ ҚС-мен таныстырды. Студенттер қосалқы станцияның жұмыс жасау ерекшеліктеріне, қандай нысандарды қуаттандыратынына, сонымен қатар ЖҮҚ жабық үлестіру құрылғысы ғимаратының ішкі жағы қалай көрінетіндігіне куә болды.     

Экскурсия оқу-жаттығу полигонында жалғасын тапты, ол жерде жедел-жөндеу бригадалары арасында кәсіби шеберлік жарыстары өтіп жатты. Энергетиктердің іс-әрекеттерін бақылай отыра, студенттер, өмірлерінде алғаш рет техника қауіпсіздігі ережелерін білу болашақ мамандық үшін қаншалықты маңызды екендіктерін сезінген болуы керек.

Студенттердің айтуы бойынша, «АЭҮК» АҚ нысандарына экскурсия жасау олардың болашақ мамандықтарының ерекшеліктерін жете түсіну мүмкіндігін сыйлады. Қыркүйек айында көлік және коммуникация колледжі студенттері компанияда өндірістік практика  шеңберінде тағылымдамадан өтуді бастайды, сонымен қатар «АЭҮК» АҚ тарапынан хабарланған ғылыми жұмыстар конкурсына қатысатын болады.

«АЭҮК» АҚ қоғаммен байланыс бойынша бөлімі