«АЭҮК» АҚ әлеуметтік серіктесі болып табылатын Астана кәсіби-техникалық колледжі базасында Worldskils халықаралық қозғалысы аясында «Электрмонтаждық жұмыстар» құзыреті бойынша қалалық чемпионат өтті. Жарыстың бас сарапшысы ретінде «АЭҮК» АҚ оқыту орталығының бастығы Алексей Садовский шақырылды.

Жарысқа «Қосалқы станциялар мен желілердің электр жабдықтарын жөндеу бойынша электр монтерлер» мамандығы бойынша оқитын КТК, басқару колледжі, Астананың құрылыс-техникалық және индустриалдық техникалық колледждердің 2-3 курс студенттері қатысты. Жарыс бағдарламасы орындауға алты сағат берілген жарық сызбасын жинау және электр қозғалтқышты қосу сияқты бір тапсырмадан  болды.

Электр қозғалтқышпен жақсы дағды көрсеткен Кәсіби-техникалық колледждің 3 курс студенті Бердыбек Сапармурад бәрінен шапшаң әрі дұрыс орындады. Екінші басқару колледжінен Александр Веревка, үшінші – құрылыс-техникалық  колледждің оқушысы Ахан Шалабаев. Олардың бәріне Worldskils чемпионатына қатысқаны үшін Сертификаттар табысталды.

Бердыбек Сапармурадтың алдында бірнеше айдан кейін болатын Республикалық  чемпионатқа дайындалу тұр.

«АЭҮК» АҚ қоғаммен байланыс бойынша бөлімі