2019 жылдың 16 сәуірінен бастап 18 сәуіріне дейін «Ақмола ЭҮК» АҚ базасында  «ОАЭК» АҚ компаниясы тобының қауіпсіздік және еңбекті қорғаудың алтыншы өзара аудит болды. Холдингтің еншілес компаниясының  делегациясы Ақкөл АЭЖ, Астрахан АЭЖ, Шортанды АЭЖ, «Красный Яр», «Мичурино», «Ақкөл», «Алексеевка» қосалқы станцияларында болды, сондай-ақ, Ақмола облысының аудандарындағы сервистік орталықтардың жұмыстарымен танысты.

Өзара аудит Корпорацияның еншілес ұйымдарының арасында ҚжЕҚ жағдайы және қоршаған ортаны қорғау басқармасы бойынша өзара әрекет регламентін сақтау  мониторингі мақсатында дәстүрлі түрде жүргізіледі. Аудит аясында өндірістік қауіпсіздік, еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі мен қоршаған ортаны қорғау жағдайлары тексеріледі.

Аудит алдында қатысушылардың алдында «АЭҮК» АҚ Бас директоры Наиль Сайфуллин , который вкратце ознакомил с работой БиОТ в компаниядағы ҚжЕҚ жұмысымен қысқаша таныстырды және тәжірибе алмасуда табысты жұмыс тіледі. Келген  делегация құрамына  «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ Қауіпсіздік және еңбекті қорғау басқармасының өкілдері, «СК РЭК» АҚ, «ПРЭК» АҚ, «Севказэнергосбыт» ЖШС қауіпсіздік және еңбекті қорғау бойынша инженерлері, «СҚЭҮК» АҚ қоршаған ортаны қорғау бойынша инженер, Қауіпсіздік және еңбекті қорғау департаментінің басшылары мен мамандары, «ОАЭК» АҚ экологтары кірді. Қалыптасқан практика бойынша мамандар үш командаға бөлінді: қауіпсіздік және еңбекті қорғау, қоршаған ортаны қорғау және энергосбыт.

Бірінші күні командалар Ақкөл АЭЖ болып қайта жаңартылған «Ақкөл» 35/10 кВ ҚС, «Алексеевка» 110/35/10 кВ ҚС, ЖДТ құжаттарымен танысты. Бірінші күннің қорытынды кезеңі АЭЖ басшылығы мен аудиторлар командасы арасында тәжірибе алмасу болды. «ОАЭК» АҚ энергосбыт кәсіпорының мамандарынан құралған топ алғашқы екі күнін «АСТАНАЭНЕРГОСБЫТ» ЖШС аумағында өткізді.

Екінші күні командалар Астрахан АЭЖ болды. Мұнда мамандар негізгі назарды АЭЖ аумағында орналасқан жабық оқыту-жаттығу полигонына аударды. Қатысушылар оқыту мен жаттығуда персоналды дайындау бойынша тәжірибемен алмасты. Үшінші күн бойы  өзара аудиттің командалары  «Красный Яр» 110/10 кВ ҚС мен 2018 жылы қайта жаңартылған «Мичурино» 35/10 кВ ҚС болды. Осылайша, жұмыс орындарында қауіпсіздік ережелерін сақтауды, еңбекті қорғау нормалары мен талаптарын орындауды бақылау бойынша шаралар көрсетілді. Цехтар аумақтарының санитарлық жағдайына, нормативтік құжаттарды жүргізуге, жабдықтар жағдайына, алғашқы көмек көрсету дәрі қобдишасы мен олардың жиынтығына да назар аударылғанын атап өту керек. Энергосбыт компанияларының өкілдері Шортанды АЭЖ болды және облыс аудандарында сервистік орталықтардың жұмыстарымен танысты.

Аудиторлардың қорытынды жиналысына бас инженердің орынбасары Сергей Байков қатысты. Ол адит үдерісінде анықталған ескертулер өндірістік міндеттерде есепке алынатынын атап өтті. Сергей Байков  қолданыстағы нормалардың талаптарына сәйкес қауіпсіздік және еңбекті қорғаудың жоғары мәдениетін дамыту, өндірісте жазатайым оқиға, апатты болдырмау мақсатында аудит жүргізудің маңыздылығына көңіл аударды. 

Өзара аудит жүргізу бастауын Қауіпсіздік және еңбекті қорғау департаменті, 2017 жылы «ОАЭК» АҚ экологтары берген дәстүр болды. Осы практика жалпы проблемалық мәселелерді талқылау мен оларды шешу бойынша меншігінде көрсете алатын платформа сапасында өзін көрсете алды. Ұқсас іс-шаралар сонымен қатар,  Корпорация кәсіпорындарының қызметкерлері арасында өзара байланысты жақсартуға көмектеседі.