Бүгін біз еліміздегі маңызды мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Конституция күнін атап отырмыз.
Конституция мызғымас мемлекеттігіміздің алтын қазығы, бірлігі мен ынтымағы жарасқан елдігіміздің бұлжымас бағдары, кемел келешегіміздің кепілі. Конституция аясында өзін зайырлы, құқықтық мемлекет ретінде қалыптастырған Қазақстанда әрбір азаматтың жеке тұлға ретінде жан-жақты жетілуіне, дамуына, әлеуметтік қорғалуына барынша жағдай жасалған. Жылдан жылға біздің басты құндылықтарымыз – Тәуелсіздігіміз, Келісім мен Бірлігіміз нығая берсін. Әр шаңыраққа құт-береке, ырыс пен ынтымақ тілеймін. Ел іргесі аман, келешегіміз кемел болсын!