«АЭҮК» АҚ-ның «Веселовская» 110/35/10 кВ-дағы 2016 жылға арналған инвестбағдарламасы іс-шараларын жүзеге асыру шеңберінде жабдықтың қайта құрылысы жүзеге асты. Жұмыстар негізінде өз қорын тауысуға жақын «Балкашино» және «Новосельская» МКП-110 кВ май ажыратқыштары ауыстырылды. Сонымен қатар ВБ-110 кВ типті элегазды ажыратқыштар мен құрылыс алаңдарының монтажы жүзеге асты. Барлық сынақ жұмыстарын жүргізген соң элегазды ажыратқыштар іске қосылды. Мұндайда жөндеу жұмыстары кезінде тұтынушыларды электрмен жабдықтау тоқтатылмады. 

«Веселовская» ҚС қайта құрылысы бойынша жұмыстарды бас инженер Вдовин Сергейдің жетекшілігімен Сандықтау ААЭЖ ГПС бригадасы орындады. Аталмыш ұжымның бірлескен жұмысының арқасында «Веселовская» ҚС-да қайта құру бойынша негізгі жұмыстар уақытылы аяқталды.

ПУСТОВАЛОВ Сергей,

Сандықтау аудандық электр жүйелері бас инженері