2017 жылдың 30 мамырында Қабанбай батыр ауылындағы Ақмола ААЭЖ оқу полигонында «АЭҮК» АҚ үлестіру желілерін жөндеу және пайдалану бойынша жедел жөндеу қызметкерлерінің финалдық жарысы өтеді. Жарыстың мақсаты – жедел жөндеу бригадаларының шеберліктерін жетілдіру және кәсіби дайындықтарын шыңдау.

Жарыс жеті кезеңнен тұрады. Қатысушылар теориялық білімдерін және оларды практикада пайдала алуларын көрсетуі тиіс. Мысалы, штаттық және апаттық жағдайларда жабдықты пайдалану және жөндеу кезінде, электр схемаларындағы жедел өшіріп-қосуларды жүргізу кезінде.

Кәсіби шеберлік байқауының бағдарламасында – апатты жағдайдан кейін зардап шегушіге алғашқы көмек көрсету ептілігін тексеру дәстүрге айналған.

Жеңімпаздар қазы алқасының қойған балдары арқылы анықталады. Жеңімпаз атанған команда республикалық кәсіби шеберлік жарысында Компанияның абыройын қорғау құқығына ие болады.

Естеріңізге сала кетсек, Атбасар аудандық электр желілері, кәсіби шеберлік байқауында екі жыл қатарынан үздік болып келеді. Сонымен қатар 2016 жылғы Алматы қаласындағы республикалық байқауда лайықты өнер көрсетті.

«АЭҮК» АҚ қоғаммен байланыс бойынша бөлімі