Жемқорлықпен күрес Қазақстандағы мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі ретінде белгіленген. Республикада әлеуметтік-экономикалық даму, рынок экономикасының құрылысы, инвестиция тарту процесстерін тежейтін жемқорлыққа қарсы күреске бағытталған жүйелі жұмыстар жүргізіледі.

 «ОАЭҮК» АҚ және Холдингтің еншілес компанияларында қызметкерлер арасында жемқорлыққа қарсы әрекет бойынша шараларды жетілдіру, жемқорлыққа қарсы тәртіп пен жемқорлық құбылыстарына қарсы әрекеттерді белгілеу, сондай-ақ  үлкен көңіл бөлінеді. «ОАЭҮК» АҚ сөзсіз басымдықтары – жемқорлыққа қарсы, сондай-ақ  бизнестің шынайылығын жоғарылатуға байланысты тұтынушылардың, акционерлердің, серіктестердің және қызметкерлердің мүдделерін қорғау. Осыбағыт аясында асыра пайдалану, ақшалай қаражатты талан-таражға салу және Холдинг компаниясының тобындағы сеніп тапсырылған мүліктер шығындарының деректерін айқындауға бағытталған іс-шаралар, сондай-ақ  басшылар мен қызметкерлерді жауапкершілікке тарту жүзеге асырылады.

Егер сізге жемқорлыққа, алаяқтыққа және талан-таражға дайындық немесе жасалған деректер туралы, сатып алу рәсімдерін жүргізгенде бұзушылықтар туралы, қызметтік жағдайын асыра пайдалану мен лауазымды тұлғалармен өкілеттігін асыра қолдану туралы, «ОАЭҮК» АҚ іскерлік беделіне зиян немесе материалдық залал келтірсе немесе келтіретін өзге де әрекеттерді жасағаны туралы белгілі болған жағдайда бұл туралы келесі электрондық поштаның мекенжайлары бойынша:

«ОАЭҮК» АҚ қабылдау бөлмесі    info@energy.kz
Экономикалық қауіпсіздік департаменті   deb@energy.kz
Ішкі аудитдепартаменті  dva@energy.kz
Тәуекел-менеджментдепартаменті  drm@energy.kz
«Жедел желіге» дереу хабарласуды сұраймыз.

Анықтама үшін телефон:  +7(727) 259 66 40

Сіздердің үндеулеріңіз Холдинг басшылығына тәуелді және Директорлар кеңесіне бағынышты емес жоғарыда көрсетілген департаменттерге  жедел түседі. Хабарламаны қалай жеке қол қоюмен болса, солай жасырын жіберуге болады.

«ОАЭҮК» АҚ басшылығы жіберуші тұлғаны анықтау бойынша ешқандай шара қолданбайтынына кепілдік береді. Алынған ақпарат егжей-тегжей зерттеледі және тексеріледі.

«АЭҮК» АҚ қоғаммен байланыс бойынша бөлімі