«Модернизациялау - бұл қажетті процесс, сондықтан да компания келесі жылы Атбасар қаласында ұзындығы 28 км темір бетон тіректерін орнатумен ӘЖ-10 кВ жалаңаш сымды оқшауланған сымға қайта құруды жүргізуді жоспарлауда.»

Атбасар АЭЖ бөлімшелерінің бірі - қалалық желілік-шеберханалық учаскесі. Оның қызмет көрсету аймағына кіретіндері: ӘЖ-10 кВ-129 км; ӘЖ 0,4 кВ-147,6 км;  ЖТҚС 10/0,4 кВ-111 км; КЖ 10 кВ-12,32 км; КЖ 0,4 кВ-4,73 км.  Учаскенің негізгі міндеті - тұтынушыларды үздіксіз және сапалы электрмен жабдықтау. 2018 жылы Атбасар қаласында күрделі жөндеу бағдарламасы бойынша қайта құру жүргізілді: ӘЖ 10 кВ – 16,53км; ӘЖ 0,4 кВ – 6,98 км; ТҚС 10/0,4 кВ – 15 дана (ТҚС ғимараттарының құрылыс бөлігін жөндеуді және шатырды монтаждауды қоса алғанда);    КЖ-10 кВ-2,82 км; КЖ 0,4 кВ-0,8 км.

2018 жылдың инвестициялық бағдарламасына сәйкес ағаш тіректер темірбетон тіректерге ауыстырылды. 0,4 кВ желілерінде жалпы ұзындығы 14 км құрайтын СИП-4 сымы орнатылды. ӘЖ-10 кВ желісі ҚӘЖ-10 кВ (қорғаныстық әуе желісі) қайта құру жүргізілді, сондай-ақ тіректер мен жалаңаш сымдарды жалпы ұзындығы 8 км оқшауланған сымға ауыстыру іске асырылды. Қазіргі уақытта 2019 жылға арнаған жөндеу компаниясы жүріп жатыр.  Күрделі жөндеу көлемі өткен жылмен салыстырғанда көбірек. Осылайша, ӘЖ-10 кВ күрделі жөндеу аясында тіректерді ішінара ауыстырумен ұзындығы 6,84 км жалаңаш сымды СИП-3 сымына ауыстыру жүргізілді.  Тұтынушыларды электрмен жабдықтаудың сенімділігі мен сапасын жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес екі ТП-10 кВ орнатылды.  

Күрделі жөндеу бағдарламасы – бұл тек тұтынушыларға электр энергиясын үздіксіз беруді қамтамасыз ету ғана емес, ең алдымен, бұл сенімділік және пайдалануға жұмсалатын жалпы шығындарды қысқарту. Бұл СИП сымының жөндеу жұмыстарын қысқарту есебінен орын алуда. Сымның конструкциясы суық ауа райы жағдайына бейімделген, соның арқасында мұздану болмайды және қар жиектері түзілмейді. Мамандар сондай-ақ қызмет көрсетудің жоғары қауіпсіздігін және кернеу астындағы фазалық сымдарға жанасу кезінде зақымдану қаупінің жоқтығын, сондай-ақ ЭБЖ-ге тікелей жақын жерде жұмыс қауіпсіздігін атап өтеді.

Модернизациялау - бұл қажетті процесс, сондықтан да компания келесі жылы Атбасар қаласында ұзындығы 28 км темір бетон тіректерін орнатумен жалаңаш сымды оқшауланған ӘЖ-10 кВ қайта құруды жүргізуді жоспарлауда. Атап өтетін жайт, аталған жұмыс көлемі жоспардан тыс жүргізілуде және жоспарлы күрделі жөндеу мен техникалық қызмет көрсетуді тоқтатпайды. Атбасар АЭЖ бригадасы – бұл осындай жұмысты меңгере алатын ұйымшыл және тату команда.