«Ақмола АЭК» АҚ-тың кәсіподақ ұйымы жоспарында 2016 жылы әлеуметтік көмекке, сонымен қатар ұжымның мәдени-сауықтыру және спорттық өміріне қатысты көптеген жобалар мен іс-шаралар бар.

Энергетика жұмыскерлерінің кәсіподағы-ол үлкен «энергетикалық» әлеуеті бар ұйым. Қазақстан Республикасы Федерациясының, халықаралық кәсіподақтар ұйымдарының (ХКҰ) және энергетиктер кәсіподақұйымдарының Халықаралық федерациясының мүшелік ұйымы болып, кәсіподақ сала жұмыскерлерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін негізгілердің бірі болып қала береді. «Ақмола АЭЖ» АҚ-тың кәсіподақ ұйымы осы филиалдардың бірі болып табылады»,- дейді кәсіподақ комитетінің төрағасы Пенькова Валентина.   Ол сонымен қатар кәсіподақ «АЭҮК» АҚ-ның 2015-2016 жылдарға ұжымдық шартты дайындау мен қабылдауға белсене қатысқанын атап кетті.

«АЭҮК» АҚ-ның кәсіподақ мүшелері өздерінің ай сайынға еңбек жалақыларының 1%  кәсіподақ кассасына салады. Осындай кәсіподақ мүшелері жарнасы қорындағы қаржылар жыл сайын әлеуметтік көмекке, мәдени-сауықтыру және спорттық іс шараларға, кәсіподақ белсенділерін марапаттауға, кәсіподақ мүшелері төрағаларының жалақысын төлеуге жұмсалады.

2015 жылы Компанияның бастауыш кәсіподақ ұйымының 10 жиналысы өтті, онда ұжымдық шарттың қолданылуы, сонымен қатар жиналыстарда цехтық комитет төрағалары атқарылған жұмыстар туралы есеп берді. еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы мәселелері талқыланды, еңбек тәртібін бұзу жағдайлары қарастырылды. Жыл бойына кәсіподақ мүшелерімен Компанияның қиын жағдайға тап болған жұмыскерлеріне ерікті түрде қайырымдылық көрсету ұйымдастырылды. Кәсіподақ мүшелері тарапынан қаржылық қолдау, әрине, ұйымның дамуы мен нығаюы үшін үлкен көмек, алайда кәсіподақ қызметінің табысты болуының басты кепілі – бұл Компания жұмыскерлерінің бірлігі мен ынтымақтастығы.

Әр түрлі іс шараларды ұйымдастыру бойынша жұмыс кәсіподақ ұйымы жұмысының ажырамасы бөлігі болып табылады. Кәсіподақ комитеті жыл сайын Халықаралық әйелдер күнін және ұлттық Наурыз мерекесін өткізуге, ардагерлерге құрмет көрсету мен  Қарттар күніне іс шаралар ұйымдастыруға  қатысады. Тәуелсіздік және Энергетиктер күніне арналған спартакиаданы дайындау да кәсіподақ ұйымынсыз болмайды, ал ең тартымды шаруа ол Компания қызметкерлерінің балалары үшін жаңа жылдық ертеңгілік және сыйлықтар дайындаумен байланысты.

                         

Анықтама үшін:

 «АЭҮК» АҚ-ның кәсіподақ ұйымына 1250 адам мүше болып табылатын 4 бастапқы кәсіподақ ұйымы кіреді:

 - Ақмола АЭЖ кәсіподақ ұйымына 7 цехтық ұйымдар кіреді. Кәсіподақ комитеті төрағасы – Пенькова Валентина, адамдар саны-468;

 - Степногорск АЭЖ кәсіподақ ұйымына 5 цехтық ұйым кіреді. Кәсіподақ комитеті төрағасы – Заугольникова Татьяна, адамдар саны-322;

 - Есіл АЭЖ кәсіподақ ұйымына 5 цехтық ұйым кіреді. Кәсіподақ комитеті төрағасы – Абдрахманова Арыстан, адамдар саны-454;

 - «АЭҮК» АҚ-ның басқарма аппаратының кәсіподақ ұйымы, цехтық комитет төрағасы – Янкова Ольга, адамдар саны-6.

«АЭҮК» АҚ қоғаммен байланыс бойынша бөлімі