Аршалы АЭЖ мамандары инвестициялық бағдарлама аясында жұмыстарды орындау аяқтады, соның ішінде  10-0,4 кВ үлестіру жүйелерін күрделі жөндеу бойынша жоспар толығымен орындалды.

Биыл кент ішіндегі жүйелердің 11 км қайта жаңартылды: Аршалы - 4,017 км, Жалтыркөл – 6,06 км,  Жібек Жолы – 1,3 км. Жұмыстар барысында ағаш тіреулер темірбетонға, жалаңаш сымдар - АОС-4, төрт ескі ЖТҚС жаңасына ауыстырылды.

Аршалы ауданы мен аудан орталығы Аршалы кентінің айтарлықтай бөлігін электр энергиямен жабдықтайтын «Вишневка» 110/35/10 кВ қосалқы станциясында инвестициялық бағдарлама аясында  10 кВ  ұяшыққа ауыстырумен ЖҮҚ-10 кВ қайта жаңарту және БЖҚСП жабынын профлистке ауыстырумен және қабырғаларын жылытатын әрі полимерлік жабумен металлосайдингпен қаптаумен  күрделі жөндеу жүргізілді. ЖҮҚ -10 кВ орын-жайында ішкі жөндеу жүргізілді:  қабырғалары ветонитпен сылақталды, едені бетонмен құйылды. 10 кВ (21 дана) ұяшықтарын бөлшектегеннен кейін телемеханика орындалды. Жұмыстар Аршалы АЭЖ ҚС тобының, Ақмола ААЭЖ ҚС, РҚА және ДТБҚ қызметтерінің мамандарымен жүргізілді.  

Ауданда «Новоалександровка – Юбилейная» және «Юбилейная – Волгодоновка» АС-35 кВ  қайта жаңарту бойынша жұмыстар жалғасуда. Жұмысты Ақмола ААЭЖ ЭБС қызметі мамандарының бақылауымен мердігер ұйым - «Мехколонна №13» ЖШС жүргізуде.

Аршалы аудандық электр жүйелерінің ұжымы қазіргі уақытта жабдықтарды маусымдық техникалық қызмет көрсетумен айналысуда. Соның ішінде  майын тексеру және үстелеп құю, оқшаулауды тазалау, ЖТҚС, ТҚС және ҚС құлыптарын түгендеу, тіреу изоляторларын тексеру, электр беру сызықтары астындағы ағаштарды кесу және басқалары. Жұмыстардың орындалу сапасынан тұтынушыларды электрмен жабдықтау сенімділігі байланысты.

Аршалы ауданы астанаға ауыл шаруашылығы өнімдері мен тас кесек-қиыршық тас материалдарын жеткізетін негізгі жеткізушілердің бірі болып табылатын Астананың азық-түлік белдеуіне кіретінін еске саламыз.

«АЭҮК» АҚ қоғаммен байланыс бойынша бөлімі