«Электрмен жабдықтау» мамандығы  бойыншаоқитын астаналық Басқару колледжінің 2 курс оқушылары өздерінің алғашқы оқу практикаларын «АЭҮК» АҚ Оқыту орталығында өтеді. Колледжбен  компания арасында студенттер үшін 2016 жылдан бері энергетика кәсібімен жақын танысуға мүмкіндіктері бар Дуалдық оқыту туралышарт әрекет етеді.

«АЭҮК» АҚ Оқыту орталығы әдістемелік құралдармен, техникалық әдебиеттермен, оқыту тренажерлерімен және электр жабдықтарымен жақсы жабдықталған. Мұнда практиканттарды «Электртехника», «Қоршаған ортаны қорғау», «Электрматериалдарын жүргізу», «Электр жабдықтарды релелік қорғау» сияқты пәндермен таныстырады. Оқыту орталығының оқытушылары мен компанияның өндірістік-техникалық қызметтердің тәжірибелі мамандары балаларға теориялық материалды практикалық қолдану дағдысын игеруге көмектеседі. Балалар үшін сонымен қатар, компанияның өндірістік бөлімшелерінің бірі қолданыстағы қосалқы станциясына барумен экскурсия ұйымдастырады.

Кәсіпорында практикалық сабақтар өткізу жастарды өздерінің болашақ кәсіптеріне қызығушылығына мүмкіндік туғызады.

 «АЭҮК» АҚ қоғаммен байланыс бойынша бөлімі