Астанада Холдингтің 20 жылдығына арналған «ОАЖЭК»АҚкомпаниялары тобының командалары арасында шағын футбол бойынша ақтық турнир жарысы аяқталды. Оған  «ОАЭК», «Астана-Инвест», «СевКазЭнерго», «ПавлодарЭнерго», «Павлодар Каустик», «АЭҮК» акционерлік қоғамдарының құрама командалары қатысты. 

«Тарлан-Арена»спорт кешенінің спорт аренасында екі күн бойы мықтылар атағы үшін табандылық күресі болды. Қорытындысында бірінші орынды және ауыспалы Кубокты өзінің әдемі әрі жаттыққан ойынын көрсеткен «Павлодар Каустик» құрама командасы иеленді. Екінші орынды «СевКазЭнерго» АҚ футболшылары, үшінші орынды «АЭҮК» АҚ спортшылары алды.

Ойын нәтижелері бойынша турнирдің ең жақсы ойыншылары анықталды. «АЭҮК» АҚ құрамасынан Торежан Бейсембеков турнирдің ең жақсы шабуылшысы болып танылды.

Арнайы сыйлықтармен екі күн бойы өз командаларын белсенді қолдаған жанкүйерлер де аталып өтті. Белсенділігі үшін сыйлық  «ОАЖЭК» АҚ жанкүйеріне табысталды. Ал «АЭҮК» АҚ жанкүйерлері мінбені безендірген ұрандар мен сөз мәнерлері үшін арнайы сыйлықтар алды.