2016 жылдың 1 желтоқсанынан бастап «АЭҮК-Энергосбыт» ЖШС тұтынушылары электр энергиясы қызметтері үшін «QIWI-кошелек» арқылы төлей алады. Аталмыш қызмет көмегімен өз шотыңызға ақша аударып, ғаламтор желісін пайдалану арқылы тәуліктің кез келген уақытында төлем жүргізуге болады.
Ол үшін:
- qiwi.com сайтында өз әмияныңызды ашуыңыз немесе қолданыстағы әмияныңызға кіруіңіз керек.
- Әмиянды банк картасы немесе терминал арқылы қолма-қол толтыруыңыз керек.
- Іздеу жолынан «АЭҮК-Энергосбыт»-ты табуыңыз керек.
- Дербес шот нөмірін енгізіп, қажетті соманы төлеуіңіз керек.