«АЭҮК» АҚ өткен жұрт алдындағы тыңдауда 2017 жылы реттелген қызметтерді беру - электр энергиясын беру және/немесе үлестіру жөнінде Компанияның қызметі туралы есеп берді. Есеппен «АЭҮК» АҚ Экономика және қаржы бойынша Бас директордың орынбасары Ирина Копышта сөз алды.

Тыңдауда Компанияның тұтынушылары – жеке және заңды тұлғалар болды. Заңды тұлғалардың негізгі массасы (87,3 %) Астана қаласы мен Ақмола облысы энергиямен жабдықтайтын ұйымдарды ұсынады. Тура тұтынушылардың (өндірістік және ҚТЖ кәсіпорындарының) үлесі 5,9 % және басқа ұйымдар  (энергиямен жабдықтаушы мен энергия беруші) 6,8 % құрайды.

Компания желілері бойынша электр энергия беру ҚР Ұлттық экономика министрлігінің 2015 жылғы 27 наурыздағы №266 бұйрығымен бекітілген Электр энергия беру және/немесе үлестіру қызметтерін көрсету жөнінде типтік шарт негізінде және тұтынушылармен жасалған шарттарға сәйкес жүзеге асырылады. Берілген электр энергияның нақты көлемі баланстық тиесілік шекарасында белгіленген коммерциялық есептеуіш құралының негізінде анықталады. Тұтынушылық коммерциялық есептеуіш құралының  жалпы саны 2017 жылы 131 467 дана, соның ішінде заңды тұлға –11033 дана, жеке тұлға – 120434 дана болды. 2017 жылы Компания желілері бойынша 2 244,9 млн кВт*c  электр энергия берілді.

2017 жылы Компания желілеріндегі берілген электр энергияның кернеуі мен жылдамдығының сапасы қолданыстағы мемлекеттік стандарттардың талаптарына сәйкес болды. Есептік кезеңде электрмен жабдықтауда үзіліс себебі бойынша Целиноград ауданы Талапкер, Қажымұқан және Максимовка кенттерінің тұрғындары-тұтынушыларынан бір жүгіну болды. Бұл кенттерде электрмен жабдықтаудың шектеуі «Воздвиженка- Максимовка» АС-35 кВ құрылысына байланысты болды. Ауа сызығы құрылысы барысында электр энергияны барлық алдағы сөндірулер туралы кенттер әкімдіктері алдын ала ақпараттандырылған, ал қоғамдық орындарда хабарландырулар ілінген.

«АЭҮК» АҚ қызмет көрсетуінде 20,9 мың км электр беру сызықтары және кернеуі әртүрлі класстағы 3621 қосалқы станция бар. 2015 жылы «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті» РММ 2016-2020 жылдарға арналған үлестіру желілері мен энергетика жабдықтарын қайта жаңарту және қайта жаңғырту, электр энергия беру есебінің жаңа техникасы мен жүйесін жетілдіру бойынша инвестициялық жобаны бекітті. 2017 жылы  инвестициялық жобаның іс-шараларын нақты орындау бекітілген сомадан 0,1 % кем 4 650,0 млн теңгені құрады. Негізгі энергия жабдықтарын қайта жаңарту, құрылысы және күрделі жөндеудің физикалық көрсеткіштері бойынша 100 % орындалды.

2017 жылы инвестициялық бағдарлама аясында  ҚС-220/110/35  кВ 12 қосалқы станцияға,  АС-10 кВ  75,042 километр және 33 жиынтық-трансформаторлық қосалқы станцияға (ЖТҚС) қайта жаңарту жүргізілді, «ЦГПП-Воздвиженка» 19 километр екі шынжырлы АС-110 кВ және «Воздвиженка-Максимовка-Фарфоровый завод» пен «М.Маметова-Жанғыз құдық» 35,164 километр АС-35 кВ салынды. Бұдан басқа «Северная» ҚС сатып алуға 150,5 млн теңге, инвестицияның 6,5 % есептеу техникасы мен материалдық емес активтерді алуға, ғимараттар мен имараттарды жөндеуге және т.б. жұмсалды.

Сондай-ақ,  2017 жылы тұрмыстық деңгейдегі ЭКЕАЖ жобасын енгізу бойынша жұмыс жалғасын тапты. Ақысыз негізде  Целиноград ауданы кенттерінде тұрмыстық сектор тұтынушыларының 2310 электр энергияны есептеу құралы орнатылды.

«АЭҮК» АҚ негізгі құралдарды жаңартуға жеткен деңгейді алдағы уақытта да қолдауға ниетті.

Есеп беру соңында пікірлермен алмасу болды. Тыңдауға қатысушылар Компания қызметінің масштабын түсінуге мүмкіндік берген мағыналы әрі  кең мазмұнды есеп болғанын бір ауыздан қабыл алды.

«АЭҮК» АҚ қоғаммен байланыс бойынша бөлімі