Жаз маусымының басталуымен электр тогынан зақымдану саны көбейе түседі. Бұл балалардың үйден гөрі далада көп уақыт өткізуімен байланысты. Осыған байланысты «Ақмола ЭҮК» АҚ мектеп жасындағы балаларға және олардың ата-аналарына электр қондырғыларына жақын аумақтарда сақ болуды ескертеді. Электр көзге көрінбейді, иісі де болмайды және көп жағдайда дыбыс та шығармайды, осынысымен де энергияның бұл түрі өте қауіпті болып келеді. Статистикалық мәліметтерге жүгінсек, жаз маусымында электр тогымен зақымдану техникалық қауіпсіздікті сақтауға салғырт қараудан туындайды.

Электр тогымен зақымдану қауіптілігін ескертетін белгілерге назар аударыңыздар! Белгі үшбұрышты формада және ашық сары фонда қара ирек сызықпен бейнеленген.

Кернеулі электр беру желілері, электр қондырғылары және жабдықтарына жақын ойнамаңыздар.

Үзілген немесе салбырап жатқан сымдарға жақындамаңыздар!

Темірбетонды және металды электр беру тіреулеріне шықпаңыздар!

Электр шкафтарының, жиынтықтардың, қалқандардың есіктерін ашпаңыздар!

 

Оқыс жағдайлар болмас үшін, электр қондырғыларының ашық немесе сынып қалған есіктерін, тасталған сымдар мен үзілген сымдар туралы «АЭҮК» АҚ, 8 (7172) 27-48-30 нөмірі бойынша немесе өзіңіздің жергілікті орныңыздағы АЭЖ-ға хабарлауыңызды өтінеміз.

«АЭҮК» АҚ қоғаммен байланыс бойынша бөлімі