2015/2016 ж. күзгі-қысқы маусым «АЭҮК» АҚ-да энергетикалық нысандар, ғимараттар, құрылыстар, автокөліктер және өндірістік базалардың төмен температура және қолайсыз ауа райы шарттарында жұмысқа әзірлігі бойынша барлық ААЭЖ мен АЭЖ-лардағы жасақталған іс-шараларға байланысты ойдағыдай өтті. 

«АЭҮК» АҚ-ның қызмет көрсету аймағында жалпы саны шамамен 245-ті құрайтын  барлық 35/110кВ қосалқы станцияларында маусымның басталуына қарай электр энергиясын техникалық есепке алудың аспаптары мен коммутациялық аппараттар бактары мен жетектерінің жылыту элементтерінің жұмысқа қабілеттілігі тексерілді. Барлық 35/220кВ қосалқы станцияларында маймен толтырылған жабдықтардан конденсаттың құйып алынуы бойынша маусымдық жұмыстар орындалып, изоляцияны тазарту жүзеге асты.

Механикаландыру және көлік қызметі тарапынан орындарда өтімділігі жоғары көлік құралдарының 156 бірлігі мен арнайы машиналар мен механизмдердің 126 бірлігі әзірленді. Жұмысшылар электр қорғаныс құралдарымен, арнайы киіммен және арнайы аяқкиіммен қамсыздандырылды.

Күзгі-қысқы маусымдағы жұмысқа қатысты ғимараттар мен құрылыстарды әзірлеу мәселесіне де үлкен назар аударылды. Аудандық бөлімшелерде тексерістер жүзеге асты, өндірістік ғимараттардың жылыту жүйесі ретке келтірілді. Бұдан бөлек аудандық әкімдіктермен бірге энергия жүйесіндегі қуаттың жетіспеушілігі жағдайындағы тұтынушыларды шұғыл ажырату кестелері келісілді.

Қабылданған шаралар нәтижесінде ҚС, ЖТҚ, ТҚ, желілер жұмысында күрделі ақаулар мен олқылықтар орын алмады. Тіршілікті қамтамасыз етудің барлық нысандары – ауруханалар, мектептер, қазандықтар және су құбыры желілері орындарда қалыпты қызмет атқарды. 

Хамзин Уралбек,

«АЭҮК» АҚ Қауіпсіздік және еңбекті қорғау қызметі бастығының орынбасары

 

«АЭҮК» АҚ қоғаммен байланыс бойынша бөлімі