«Ақмола электржелілік үлестіру компаниясы» («АЭҮК» АҚ) – Қазақстан Республикасы электр энергетикалық нарығының ірі қатысушысы. Компанияның негізгі қызмет түрі – Ақмола облысы мен Астана қаласының тұтынушыларына электр энергия беру және үлестіру.

Компанияда қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қызметкерлер еңбегінің шарттарын жақсарту мәселелеріне, сондай-ақ өндіріс көлемін бір мезгілде өсіруде теріс әсерін азайту мақсатында қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне айрықша назар аударылады.

«АЭҮК» АҚ қауіпсіздік және еңбекті қорғау бойынша жұмыс Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне,  ISO 14001:2015 «Экологиялық менеджменттің жүйесі» және OHSAS 18001:2007 «Кәсіби қауіпсіздік және денсаулық менеджментінің жүйесі» халықаралық стандарттарына сәйкес жүзеге асырылады.  Қауіпсіздік және еңбекті қорғау кәсіпорынның тұрақты табысының факторы болып табылады.

 

Профилактикалық іс-шаралар

«АЭҮК» АҚ  энергия объектілерінің қауіпсіз және апатсыз жұмыстарын қамтамасыз етуге бағытталған техникалық және ұйымдастырушылық сипаттағы профилактикалық іс-шаралардың кешені тұрақты негізде өткізіледі.

Персоналдың білімін, қабілеттілігін жоғарылату мақсатында жабдықтардың апаттық жағдайы туған жағдайда шапшаң әрі техникалық сауатты хабардар болу, пайдалану нұсқаулықтарының, қауіпсіздік және еңбекті қорғау нұсқаулықтарының, техникалық пайдалану қағидаларының нұсқауларын анық қолдану, тоқсанына бір реттен кем емес өртке қарсы жаттығулар жүргізу.

Өртке қарсы жаттығулар жылына екі реттен кем емес жүргізіледі.

«АЭҮК» АҚ өндірістік персоналы арнайы киіммен және аяқ киіммен, жеке және ұжымдық қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етіледі.  

 

Персоналдың денсаулығы жайлы қамқорлық

«Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңы негізінде барлық өндіріс персоналы жазатайым оқиғалардан сақтандырылған. Қызметкерлер жыл сайын медициналық тексеруден өтеді. «АЭҮК» АҚ барлық құрылымдық бөлімшелері алғашқы дәрігерге дейінгі көмек көрсетуге арналған медициналық аптечкамен жабдықталған. Еңбектің зиянды шарттары жағдайында жұмыс істейтін компания қызметкерлерінің кәсіби ауруларын ескерту және денсаулықтарын нығайту мақсатында жұмыс орындарына өткізілген аттестацияға сәйкес сүт беріледі.

 

ҚжЕҚ мәселелері жөнінде қызметкерлерді ақпараттандыру

Құрылымдық бөлімшелерде ай сайын қауіпсіздік және еңбекті қорғау мәселелерінен тұратын өндірістік жиналыстар өткізіледі.

Айдың әрбір екінші сәрсенбісінде барлық жерде «Техника қауіпсіздігі күні» өткізіледі. Жыл сайын сәуірде Бүкіл әлемдік еңбекті қорғау күнін мерекелеу аясында  өндірістік жарақаттылық тәуекелін төмендетуге, қауіпсіздік еңбек мәдениеті мен насихатын жылжытуға бағытталған іс-шаралар қатары өткізілуде.

Жаңа қызметкерлермен, келушілермен және еншілес ұйымдардың олардың құрылуы, кәсібі немесе лауазымы бойынша жұмыс өтіліне байланысты емес қызметкерлерімен қауіпсіздік және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі бойынша кіріспе нұсқаулық жүргізіледі. Компанияның құрылымдық бөлімшелерінде алғашқы, қайталанған, жоспардан тыс, мақсатты өндірістік нұсқаулықтар жүргізіледі.

 

Оқыту және аттестация

«АЭҮК» АҚ Оқыту орталығында  электрондық тренажерді қолданумен алғашқы көмек көрсету жөнінде оқыту өтеді.

Жөндеу кампаниясы алдында персоналды дайындаудың қорытынды кезеңі ретінде үлестіру жүйелері электр монтерлерінің өндірістік жарыстары және жазғы уақытта жөндеу жұмыстарын жүргізуге дайындықтарын анықтайтын жұмыс бригадалары аттестациядан өтеді. Қысқы уақытта жұмыс істеуші бригадалардың көрсеткіш рұқсатнамалар және персоналдың техникалық оқытуы жүргізіледі.  Ұқсас іс-шаралар энергия объектілерінде жұмыстарды ұйымдастырудың тәртібін көрнекі көрсетуге, сондай-ақ өндірістік жарақаттылық жағдайын ескертуге мүмкіндік береді.  

 «АЭҮК» АҚ қоғаммен байланыс бойынша бөлімі