“АЭҮК-ЭНЕРГОСБЫТ” ЖШС дебиторлық қарыздар деңгейін төмендету бойынша ұдайы жұмыс жүргізеді. 2018 жылдың 1 қазаны ахуалы бойынша компания алдында Ақмола облысы тұтынушылары қарыздарының жалпы сомасы 668 млн. теңгені құрады, соның ішінде халық қарызы 40%, заңды тұлғалар қарызы 60%.

Ағымдағы жылдың 9 айында электр энергиядан 1628 абонент ажыратылды, 126 талап-арыз берілді, жеке тұлғалар бойынша – 116 талап-арыз, заңды тұлғалар бойынша – 10 талап-арыз. Қарау процессінде жеке тұлғалар бойынша 5 талап-арыз жатыр.

«АҮЭК-ЭНЕРГОСБЫТ» ЖШС дебиторлық қарызбен жұмыстың алғашқы кезеңінде хабарлама жіберу жолымен қарыздың бары туралы ескерту жасайды:

  • тұрмыстық қажеттіліктер үшін электр энергияны қолданушы жеке тұлғалар - электр энергияны жеткізуді тоқтатқанға дейін 30 (отыз) күнтізбелік күннен кем емес;
  • электрондық пошта немесе факс арқылы тұрмыстық қажеттіліктер үшін емес электр энергияны қолданушы тұтынушылар – 3 (үш) жұмыс күннен кем емес.

«АЭҮК–ЭНЕРГОСБЫТ» ЖШС тұтынушыларды жиналған қарыздары туралы телефон бойынша және БАҚ-хабарлау арқылы қосымша хабарлайды. Хабарлама алғаннан кейін тұтынушыда қарызын толық өтеуге уақыт болады.  Төлемеген жағдайда шартқа сәйкес өсім есептеледі. Ағымдағы жылдың 9 айында төлемді уақытында жүргізбеген тұтынушыларға шарт шарттарына сәйкес 6,2 млн. теңге сомасында өсім есептелді.

Егер жоғарыда тізбектелген шаралар қарызгерге әсер етпесе, онда жұмыстың келесі кезеңі - электр энергияны жеткізуді тоқтату болады. Электр жүйелеріне, электр энергиясы есебінің құралынан басқа электр энергия қабылдағыштарына өз еріктерімен қосу деректері бар, ол бұдан әрі электр энергиясының сөнуіне және белгіленген қуаттылық бойынша есеп жүргізуге әкеледі. Тұтынушылар кәсіптік емес қосу өрт болудың себебі немесе жазатайым оқиға болатынын есте сақтаулары қажет.

Тұтынушылармен бар қарыздарын өтеуден одан әрі жалтарғанда «АЭҮК–ЭНЕРГОСБЫТ» ЖШС электр энергиясы үшін қарызды төлеу талаптарымен хат-талап-арыз жібереді.

Тұтынушы-қарызгерлермен проблемаларды шешудің келесі кезеңі сот арқылы мәжбүрлеп қарызды өндіріп алу туралы талап-арыз беру, соңында сот орындаушылары арқылы болып табылады. Орындау өндірісінің нәтижесі:

  • қарызгерге тиесілі жылжитын және жылжымайтын мүлігіне, ол қайда болса да және ол қалай көрінсе де тыйым салу;
  • басқа тұлғаларға қарызгерге мүлікті беруге немесе толық көлемде сот актісін орындағанға дейін оған қатысты басқа міндеттемелерді орындауға тыйым салу;
  • мүліктің меншік иесі құқығындағы оларға тиесілі, атап айтқанда қарызгердің меншік иесі құқығындағы мүлікті иелігінен шығаруға қарызгерге иелік етуге тыйым салу;
  • қарызгерге Қазақстан Республикасынан шығуға уақытша шектеу туралы қаулы;
  • қарызгердің еңбек ақысы мен басқа табыс түрлерінен төлетуге үндеу болады.

Сот арқылы қарызды төлету – қарызгерлермен келіссөздер оң нәтиже бермегенде энергетиктердің амалсыз баратын шараларының бірі. Қарызгердің мойынына қосымша сот шығысы мен мемлекеттік баж салығы салынады.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес энергиямен жабдықтауды қайта қосу үшін қарызды ғана өтеп қоймай, электр энергиясын жеткізуді шектеумен байланысты шығындарды да өтеу керек.

Коммуналдық қызметтер төлеміне аға буын аса жауапты келетінін атап өту керек. Зейнетақыларын алып, бірден қызметтер үшін төлем жасайды. Теріс пиғылды тұтынушылар төлем тәртібі тұтынған электр энергиясы үшін түбіртекті уақытында төлеу қажеттілігіне немқұрайлы қатынасынан көбінесе зардап шегеді.

Жоспарланбаған шығындардан құтылу үшін тұтынған электр энергиясы үшін төлемді уақытында жүргізу қажет.

Заңды тұлғалар келесі есептік үшін айдың 15 күніне дейін:

  • “АЭҮК-ЭНЕРГОСБЫТ” ЖШС аудандық бөлімшелерінің кассаларында (1000 АЕА аса емес);
  • Астана қаласы, С.Сейфуллин көшесі, 42 мекенжайы бойынша орналасқан “АЭҮК-ЭНЕРГОСБЫТ” ЖШС орталық кеңсесінің кассасында (1000 АЕА аса емес);
  • “QIWI”, “CyberPlat”, “Касса24” терминалдары арқылы (Жақсы, Целиноград, Аршалы және Ақмола бөлімшелерінің тұтынушылары үшін ғана);
  • Электрмен жабдықтау шартында көрсетілген “АЭҮК-ЭНЕРГОСБЫТ” ЖШС есептік шотына аударумен төлем жүргізе алады.

Жеке тұлғалар келесі есептік үшін айдың 25 күніне дейін:

  • “АЭҮК-ЭНЕРГОСБЫТ” ЖШС аудандық бөлімшелерінің кассаларында (1000 АЕА аса емес);
  • Астана қаласы, С.Сейфуллин көшісі, 42 мекенжайы бойынша орналасқан “АЭҮК-ЭНЕРГОСБЫТ” ЖШС орталық кеңсесінің кассасында (1000 АЕА аса емес);
  • “QIWI”, “CyberPlat”, “Касса24” терминалдары арқылы;
  • Целиноград, Ақкөл, Астрахан және Ерейментау аудандарындағы “Халық банк” АҚ арқылы “АЭҮК-ЭНЕРГОСБЫТ” ЖШС бөлімшелерінде;
  • Ақмола облысы бойынша “Қазпочта” филиалдарында;
  • интернет-банкинг және Web-кошелек арқылы төлем жүргізе алады.

 

Ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап «АЭҮК» АҚ ресми интернет-ресурсында (www.arek.kz) жеке тұлғалар үшін тұтынушыларға қызмет көрсету сапасын жоғарылату мақсатында  келесі мүмкіндіктерді беретін «Жеке кабинет» құрылды:

  • дербес шоттың жағдайы туралы ақпарат алу (ағымдағы кезеңге және өткен 12 айға есептеу мен төлем туралы көшірме);
  • айдың 25-інен 30-31-іне дейін есептеу құралдарының көрсеткіштерін беру (есептің бірнеше нүктелері бойынша беру мүмкіндігі бар);
  • түбіртекті қарау және басып шығару;
  • тарифтік калькуляторды пайдалану;
  • онлайн режимінде қолма-қол ақшасыз төлем жүргізу.

 

Құрметті тұтынушылар!

Электр энергиясы үшін мерзімінде төлем – сенімді әрі үзіліссіз электрмен жабдықтаудың кепілі!

«АЭҮК» АҚ қоғаммен байланыс бойынша бөлімі