«Краснознаменка» қосалқы станциясындағы (ҚС) қайта құру жұмыстары шеңберінде 110 кВ майлы ажыратқышы Ресейде өндірілген элегазды ВБ-110 кВ ажыратқышына ауыстырылды.

Жаңаэлегазды ажыратқыштар 110 кВ желілері бойынша қосалқы станциядан «Урман» және «Қорғалжын» қосалқы станцияларына дейін электр энергиясы тасымалының сенімділігін қамтамасыз етеді. Ажыратқыштарды ауыстыру бойынша жоба уақытылы, іркіліссіз орындалды, бүгінгі таңда элегазды ажыратқыштар іске қосылды. МКП-110 кВ демонтажы және элегазды ажыратқыштар монтажы Ақмола ААЭЖ қосалқы станция қызметінің бастығы Бекпаев Алтынбек, Егіндікөл АЭЖ бас инженері Абишев Кабкен және қосалқы станциялар тобының шебері Шабан Сергейдің жетекшілігімен орындалды. Сонымен қатар жұмысқа ҚС тобы электрослесарьлері Швыряев Иван, Тусупбеков Руслан және Кабдолла Арман қатысты. Релелік қорғаныс және автоматика құрылғыларын жөндеу бойынша жұмысты ЭТҚ жетекші инженері Есенжолов Рустем, РҚА ЖҚ жетекші инженері Жиделиев Алмас және РҚА ЖҚ инженерлері Магзеев Мадрияр мен Ахметжанов Айдыннан құралған Ақмола ААЭЖ РҚА ЖҚ бригадасы орындады.           

Ақпарат үшін:

«Краснознаменка» 110/35/10 кВ ҚС Егіндікөл ауданын электрмен жабдықтаудың негізгі көзі болып табылады және Астрахан мен Егіндікөл аудандарындағы 35-10 кВ 9 қосалқы станциясын қуат көзімен қамтамасыз етеді.

 

АБИШЕВ Кабкен,

Егіндікөл АЭЖ Бас инженері