«АЭҮК» АҚ көктемгі мереке Наурызды қарсы алды. Мерекелік іс-шара шарлармен және гүлдермен безендірілген киіз үй орналастырылған орталық аппараттың ауласында дәстүрлі өтті. Бұл күні ауа райы желді әрі бұлтты болса да, бәрінің көңіл-күйі көктемдегідей жарқын және көтеріңкі болды.

Іс-шараны «ОАЭК» АҚ Бірінші вице-президенті Дюсенбай Турганов және «АЭҮК» АҚ Бас директоры Наиль Сайфуллинашты. Олар Наурыз – бұл жай ғана көктемгі жаңару мерекесі ғана емес, ол достық пен келісім мерекесі, еңбек және бейбітшілік мерекесі, бірлікке шақыратын мереке екенін атап қатысушыларды мерекемен жылы құттықтады.   

Мереке жыл сайын компания қызметтері мен бөлімдері арасында өткізілетін көркем-музыкалдықконкурстан басталды. Конкурс осы ретте де көпшіліктің күткеніндей болды, бұл кезекте де жаңа таланттардың туғанына куәгер болды. Мереке бағдарламасы аса әртүрлі әрі тартымды болды: кәсіби әншілердің ән салуы, аспаздық конкурс, лотерея ойнату, спорт жарыстары. Әрине, қонақасысыз да болмады: бауырсақ, самса,  палау, чак-чакпен ыстық шай.

«АЭҮК» АҚ қоғаммен байланыс бойынша бөлімі